-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас маманға жол ашық

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жас маманға жол ашық
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           А.Тоқпанов ауылдық округінде орналасқан «Бент» зауыты – заманауи өндіріс орны әрі аудан экономикасына сүбелі үлес қосып отырған маңызды кәсіпорынның бірі. Зауыт жоғары сапалы құрылыс материалдарын шығарады. Аталмыш өндіріс ошағы «GK Railways» ірі Қытай холдингімен рельсті бекітпелер өндірісі бойынша кәсіпорын желісін роботтандыру жөнінде келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстан тарапынан «Fasteners Metal»-мен бірлесе ашылған болатын.

    Міне, осылайша іргесі қаланған «Бент» зауыты 2025 – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Маман­дыққа ашықпыз: оқу және жұмысқа орналасу – табысқа жетудің жолы» тақырыбында Ашық есік күнін ұйым­дастырды. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттай отырып, жастарды зауыттың жұмыс барысымен таныстыру, кәсіптік бағыт-бағдар беру және жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсыну.
    Ашық есік күні зауыт әкімшілігі мен білікті мамандар жастар мен жұмыссыз жандарға өндіріс процесін түсіндіріп, онда қолданылатын технологиялар мен өнімдер туралы толық ақпарат берді. Қатысушылар зауыт цехтарын аралап, жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік алды.
    Студенттерге зауыттың оқу орын­дарымен ынтымақтастықта жұмыс істейтіні туралы айтылып, кәсіптік тәжірибеден өту мүмкіндігі түсіндірілді. Ал жұмыссыз азаматтар үшін бұл шара жұмысқа орналасуға мүмкіндік ашты.
    «БЕНТ» компаниялар тобының басшысы Дінмұхамед Кузиев келген қонақтарға алғысын білдіріп, үздік жұмысшыларды Алғыс хатпен марапат­тады.
    Шараға қатысқан облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас­шысы Айгүл Ахметова: «Жұмысшы мамандықтарының маңызы күн санап артып келеді. Өйткені елімізде жаңа өндіріс орындары ашылып, экономикамыздың дамуымен бірге білікті мамандарға деген сұраныс та өсіп отыр. Мұндай жағдайда жұмыс­шы мамандықтарының беделін арттырып, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту – басты міндеттің бірі. Алматы облысында бұл бағытта айтарлықтай жұмыс атқарылуда. Аймақ­тағы 40 колледждің 25-і жұмысшы мамандықтарын оқытуда. Бұл оқу орындары жастарға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды заманауи талаптарға сай кәсіби маман етіп даярлайды. Жастарымызға осындай мүмкіндік ұсынып отырған «БЕНТ» фирмасына алғыс білдіремін», – деді.
    Қатысушылар шараның ұйымдас­тырылу деңгейіне жоғары баға берді. Студенттер үшін бұл кәсіби таңдау жасауда маңызды қадам болды, ал жұмыс іздеушілер зауыттың бос орындары туралы нақты ақпарат алды.
    Кәсіпорын жұмыскерлерін үш мезгіл тегін ыстық тамақпен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда мұнда 600-ден аса адам қызмет етеді.
    «Автоклав саласында жұмыс атқар­ғаныма бір жыл болды. Бұрынғы жұмыс орнымнан командамызбен ауысып келдік. Газоблок шығарамыз. Жұмыс айтарлықтай қиын емес. Өзіме ұнайды. Фирма тамақ, киім, жалақымен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ әлеу­меттік көмек алу мүмкіндігіне иеміз», – деді зауыт жұмысшысы Азамат Жазықбаев.
    Кәсіпорын басшылығының айтуын­ша, білікті мамандарды даярлау және оларды қолдау – зауыттың стратегиялық міндеттерінің бірі. «Бент» зауыты алдағы уақытта да осындай Ашық есік күндерін ұйымдастырып, жастарға қолдау көрсету мен аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға үлес қоса бермек. Мұндай бастамалар жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға және аймақтың дамуына мүмкіндік ашары сөзсіз.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    2 years ago

    Аймақ әлеуеті зор

    11 months ago
    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    1 year ago
    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    3 months ago
    ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер етеді?

    ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер етеді?

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>