-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жетістікке жетелейтін жаңа жоба

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жетістікке жетелейтін жаңа жоба
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Ел Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылған Парламент Мәжілісі сессиясының ашылуында: «Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадрлық резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады. Осыған орай тиісті бағдарлама қабылданады», – деп орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет екенін айтқан болатын.

    Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес, елімізде 2023 жылдың шілде айында Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен білім берудегі өзгерістердің көшбасшы­ларын іріктеу және даярлау жөніндегі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» атты пилоттық жоба бастау алды. Жобаның мақсаты – уақыт талабына сай ғылым және білім жетістіктерін қолдана алатын креативті ойлау қабілеті дамыған құзыретті тұлғаны қалыптастыру және білім беруді басқарудың тиімді жолдарын қарастыру.
    Алматы облысында бұл жоба қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Алғашқы жылы 3 педагог курсты біті­ріп, басшылық қызметке тағайын­далды. Былтыр 206 педагог тіркеліп, 24 педагог 8 ай бойы «Базалық», «Ілгері», «Кәсіби» деп аталатын үш деңгейлі оқыту курсын тәмамдады. Оларды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қабылдап, республикалық кадр резервіне қабылданғандығы туралы сертификат табыс етті.
    Үздіктер қатарынан көрінген жоба қатысушылары ешқандай конкурс­тық рәсімсіз басшылық лауазымға тағайындалады. Алғашқы­ларының бірі болып Ардақ Асылбаева облыстық ­
    білім басқармасына қарасты «Жас дарын» атты дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау ғылыми-практикалық орталығының басшысы лауазымына тағайындалды. Ардақ Мырзамұратқызы – 5 жыл директордың орынбасары қызметінде болған, білім саласында 15 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Аталған орталықта әдіскер болып жүрген ол жобаға қатысуға өтінім жіберіп, тест тапсырған. Айтуынша, жобаның алғашқы жылында тест сынағынан өтпей қалған екен. Осы жоба бойынша курс тыңдаушысы болуға ниеттенген Ардақ келесі жылы дайындығын пысықтап, ақыры көздеген мақсатына жеткен.
    – Осындай республикалық үлкен жобаға қатысып, оның соңына дейін жету мен үшін үлкен тәжіри­бе болды. Курс барысында сала бойынша қазіргі тенденциялар туралы білімімді тереңдетіп, деректерді талдау, жоспарлау және ұйымдастыру дағды­ларын дамыттым. Бұл дағдылар жаңа қызметті ойдағыдай меңгеріп кетуіме септігін тигізуде. «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жоба­сына қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, оны жүзеге асырып отыр­ған Оқу-ағарту министрлігіне және облыстық білім басқармасына алғысым шексіз. Осы курсты бітіру­шілер еліміздің білім саласының дамуы­на үлесін қосып, қатарымыз 1000 көшбас­шымен толығуына тілектеспін, – деп ағынан жарылды Ардақ Асылбаева.
    – Былтыр облыс бойынша іріктеуден өткен 24 резервші бірнеше деңгейлі оқыту курсын бітірдік. Ауқымды курс бағдарламасы барысында педагогикалық ұжымды басқара білуді меңгердік. Оқу-ағарту министрінің қолынан сертификат алдық. Облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаевамен кездесіп, өзімізді толғандырған сауалдардың жауабын алдық. Алдағы уақытта осы жоба шеңберінде басшылық қызметке орналасып, курстан алған теориялық білімімді бүгінге дейін жинақтаған іс-тәжірибеммен ұштастыра отырып, білім беру саласының дамуы жолында қызмет етуге әзірмін, – дейді Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Мөлдір Алдыбаева.
    Бүгінде аталған көшбасшыларды облыс көлеміндегі білім беру ұйымдары мен орталықтарға басшылық қызметке тағайындау жалғасуда. Өркениет өріне қадам басқан қоғамда білім саласын ұтымды басқару мен білім беру үдерісін сәтті ұйымдастыру – өзекті мәселе. «Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мектептегі атмосфера көбінесе директордың жұмысты дұрыс үйлестіруіне байланысты болады. Сондықтан білім беру мекемелерін білімді де білікті, тәжірибесі толысқан, нағыз көшбасшылар басқарғаны абзал.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    2 years ago
    Мопед мінген осы деп…

    Мопед мінген осы деп…

    1 year ago
    Құрылысшылар құрметке бөленді

    Құрылысшылар құрметке бөленді

    2 years ago
    Нәсіп көзі – наубайхана

    Нәсіп көзі – наубайхана

    6 months ago
    Ғасырлардан сыр шерткен

    Ғасырлардан сыр шерткен

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.