-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

    24.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлының төрағалығымен өткен жиында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын айлық барысы талқыланды. Жиынға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аурухана, білім, ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

    Айлықты өткізудегі мақсат – профилактикалық іс-шаралар мен туберкулездің алғашқы белгілері туралы халықты хабардар ету, медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығын, емделудің тиімділігін түсіндіру, аурудың алдын алу жұмысын күшейту.

    Жиында сөз алған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Әйгерім Ташкенбаева туберкулез сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайы туралы өткен жылдың қорытындысымен таныстырды. Ал туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрған науқастардың жағдайы туралы аудандық аурухананың фтизиатр-дәрігері Айжан Ұйқасбаева хабарлады.

    Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өтетін айлық барысы да кеңінен сөз болды. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Шырын Өзекбаева туберкулездің алдын алу бойынша медиа-жоспардың жүзеге асырылу жайын баяндаса, білім бөлімінің бас маманы Аяулым Кішібаева білім беру ұйымдарында  өткізілетін акциялар туралы мәлімдеді. Аудандық аурухана директорының орынбасары Мұрат Серікұлы айлық кезінде атқарылатын санитарлық ағарту жұмыстарына жан-жақты тоқталды.

    Жиын соңында аудан бойынша туберкулез дертіне эпидемиологиялық талдау жүргізіліп, оның нәтижесіне сай аурудың алдын алу мақсатында атқарылуы тиіс іс-шаралар белгіленді. Сондай-ақ Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай айлықтың жоспары құрылып, бекітілді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Үкімет үш жылдың бюджет жобасын бекітті

    Үкімет үш жылдың бюджет жобасын бекітті

    2 years ago
    Алматы облысында «WorldSkills – 2023» аймақтық чемпионаты басталды

    Алматы облысында «WorldSkills – 2023» аймақтық чемпионаты басталды

    2 years ago
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    9 months ago
    ПОВЫСИТЬ СТАВКУ НДС РЕКОМЕНДУЮТ КАЗАХСТАНУ АНАЛИТИКИ ВСЕМИРНОГО БАНКА

    ПОВЫСИТЬ СТАВКУ НДС РЕКОМЕНДУЮТ КАЗАХСТАНУ АНАЛИТИКИ ВСЕМИРНОГО БАНКА

    4 months ago

    Ауылшаруашылығындағы ауқымды жұмыс

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>