-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әке өнегесі жүз мектепке тең

    15.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Әке өнегесі жүз мектепке тең
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Талғар ауданының мектептерінде ұрпақ тәрбиесінде әкелердің рөлін арттыруға арналған шаралар жиі ұйымдастырылуда. Сондай бір әкелер форумы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей-орта мектебінде өтті.

    Шарада алғашқы сөз алған Талғар қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Берікбай Молдамұратов әке қай кезде де отбасының қорғаны болғанын айтты. Оның негізгі міндеті – білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу, оларды ата-анасын, ағайын-туысын құрметтейтін, елін, жерін, халқын сүйетін, оған қалтқысыз қызмет ететін отаншыл азамат етіп қалып­тастыру екенін алға тартты.
    Ал «АMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы Серік Дүмшібаев отбасында әкенің рөлі жоғары болу керек екеніне, өкінішке қарай, біз көп жұмысты аналарға қарай ысырып қоятынымызға тоқталды.
    – Бала тәрбиесімен көбіне әйелдер айналысады. Егер сабақ үлгерімі төмен­деп, тәртібінде кемшіліктер кетсе, «Сен қарамадың, көңіл бөлмедің, көмек бермедің» деп әйелді кінәлаймыз. Бұл – дұрыс емес. Өйткені әкенің аты – әке! Әсіресе ұл әкеге қарап бой түзейді. Егер баламен ашық, еркін сөйлессек, шешім қабылдарда пікірін ескерсек, оның әкеге деген сенімі пайда болады. Ол әкесін ақылшы, қамқоршы, қолдаушы ретінде сезінеді. Біз кезінде әке тәрбиесін, үлгі-өнегесін көріп өстік. Сол сынды енді біз де балаларымыздың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Ақпараттық технология дамып, балаларымыз көп нәрсені әлеуметтік желіден үйреніп жатқан мына заманда бұл аса маңызды, – деді ол.
    Танымал блогер Серікжан Тілемісов әкенің жүріс-тұрысы, істеген ісі, киім киісінің өзі балаға үлгі-өнеге екенін алға тартты.
    – Мысалы, балаларды балабақшаға немесе мектепке апарып, алып қайтуға келгеннің өзінде галош, трико киіп барғанның өзі дұрыс емес. Өйткені халқымыз баяғыдан «Киіміне қарап күтіп ал, ақылына қарап шығарып сал» дейді. Егер қалай болса солай киінсеңіз, ол сіздің талғамыңыздың төмендігін, өзіңізге дұрыс қарамайтыныңызды көрсетеді. Мұны басқа балалар, тәрбиешілер мен мұғалімдер көреді. Ал сіздің балаңыз «Менің әкем келді» деп мақтанып тұрады. Сондықтан сіздің сыртқы көрінісіңіз, киім киюіңіз, жүріс-тұрысыңыз сол мақтанышқа сай болып, өзгелерге қораш көрінбегені жөн. Бала одан да үлгі алады. Сондай-ақ үйде қандай бір жұмыс істесеңіз, мәселен, ауланы, қора-қопсыны тазаласаңыз, машинаңызды жөндесеңіз, балаңыздың қасыңызда жүргені дұрыс. Зейінді, зерек бала осындай кезде де көп нәрсе үйренеді, кейбір дүниелердің қыр-сырын ұғады, еңбек етуге, отбасыға өзіндік қолғабысын тигізуге машықтанады. Егер сіз осы әрекеті үшін оны мақтап қойсаңыз, ол одан әрі пайдалы іс істеуге құлшына түседі. Осылай біз елгезек, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуге жол ашамыз, – деді ол.
    Кинорежиссер, «Ramzes Film Company» жетекшісі Қанат Рамазан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріміздің біразы, әсіресе әкелер институты жоғалып бара жатқаны жайында сөз қозғады. Форумның өткізіліп жатуының бір себебі – қазақтың өшіп бара жатқан дәстүрін жаңғырту, осы арқылы өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру, әкелердің қадірін білуге баулу деген ойын жеткізді. Әкенің отбасындағы орны қашанда биік екенін алға тартып, қазіргі зымырап жатқан алмағайып заманда балаларымызға уақыт тауып, өнегелі тәрбие беруге тырысуымыз қажеттігін баса айтты.
    Талғар аудандық отбасын қолдау орталығының жетекшісі Мәншүк Айтмұхамбетова да өз пікірін ортаға салды.
    – Сіздердің бүгінгі шараға келіп отырғандарыңыздың өзі – балаларыңыз үшін үлкен мақтаныш. Себебі әке – отбасының тірегі, қорғаны. Әсіресе ерлі-зайыптылардың ажырасу жағдайы асқынып тұрған бүгінгі күні бұл өте маңызды. Өз басым соңғы екі жылда 75 отбасының ажырасып кетпеуіне себепші болдым. Соның ішінде бір жайтқа тоқталар болсам, қоғамдық көлік жүргізетін, бес баласы бар бір әке ажырасатынын алға тартты. Себебін сұрасам: «Мен күнімен жұмыс істеп, кешке шаршап-шалдығып келгенде ыстық, дәмді тамақ ішкім келеді. Ал әйелім «Дүкеннен тұшпара ала келші» деп тұрады. Мені балаларымның әкесі, асыраушысы ғой, бізді ешкімнен кем болмасын деп табыс тауып жүр деп ойламайды», – деген ренішін айтты. Содан бар күшімді салып, әйелімен де, өзімен де қайта-қайта әңгімелесіп: «Мына бес баланы қалай жетім қыласыңдар? Одан да бір-біріңді түсініңдер, құрметтеңдер, сыйлаңдар», – деп жалынып жүріп, әрең көндірдім. Негізінде есті әйел ерін пірім деп сыйлайды. Әйел өзінің міндетін дұрыс атқарса, күйеуін сыйласа, балаларының алдында оның беделін көтерсе, отбасында келіспеушілік деген болмайды. Ал ұрпақ тәрбиесі – ерлі-зайыптылардың ортақ міндеті. Бұл жерде «Еркек – түздің адамы» деп, барлығын әйелге артып қоюға болмайды. Халқымыз «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деп бекер айтпаған. Сондықтан әкелердің абыройын асқақтатып, беделін асыруға, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін нығайтуға баршамыз атсалысуы­мыз керек. Сонда ғана балаларымызға лайықты тәлім бере аламыз. Ал жақсы ұрпақ – жарқын болашақ! Сол себепті де әкелерді белсенді болуға, ұрпақ тәрбие­сіне атсалысуға шақырамын, – деді орталық басшысы.
    Шара барысында ұл балалар хормен ән шырқап, сахналық қойылым қойды. Оқушылар әкелерімен бірге қамшы өріп, суреттер таңдап, тақтайға шеге қағып, шаруаға икемділіктерін көрсетті.
    Форум жұмысын мектеп директоры, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұржан Оралханқызы қорытын­дылап, бұл күнгі шараға әкелердің көптеп қатысуының өзі ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершіліктерінің жоғары екенін көрсететінін айтты. Мұндай игі шаралар өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Мұраты асқақ Мұздыман

    Мұраты асқақ Мұздыман

    2 months ago
    Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

    Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

    8 months ago
    Дәнекерлеуші Айман

    Дәнекерлеуші Айман

    10 months ago
    «Асыл домбыра» иегері

    «Асыл домбыра» иегері

    6 months ago
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>