-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әр баланың өз құқығы бар

    28.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Әр баланың өз құқығы бар
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның биылғы жылдағы алғашқы отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков төрағалық еткен жиынға бірқатар басқарма басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары онлайн қатысты.

    Басқосуда кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, биылғы екі айдағы құқықбұзушылық, дағдарысқа түскен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету, мектепке бармай­тын балаларды анықтау мен шешім қабылдау мәселелері қаралды.
    Биыл облыста балаларын тәрбиелеу, асырау және оқыту бойынша өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін 606 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл турасында ақпарат берген облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев кәмелетке толмағандарға қатысты атқарылып жатқан жұмыс барысын да баяндап өтті.
    – Департаменттің ювеналдық полиция қызметкерлері тарапынан толық емес, тұрмысы нашар отбасынан шыққан, өгей әкесімен бірге тұратын балалар бақылауға алынған. Облыста педофил санаты бойынша 60 адам есепте тұр. Оларға мекенжайлары бойынша учаскелік полиция және жедел уәкіл қызметкерлері қадағалау жүргізеді. Сонымен қатар білім беру мекемелерінде кәмелетке толма­ғандардың құқықтық сауаттылы­ғын арттырып, жыныстық тәрбие беру мақсатында дәрігерлер мен арнайы мамандар тарапынан 518 дәріс оқылды. Қылмысты болдырмау және алдын алу барысында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара кезінде балалардың түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруі бойынша 1329 дерек және ойын-сауық орындарында жүруі бойынша 28 дерек анықталды. Алайда атқарылып жатқан іс-шараларға қара­мастан, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалып жатқан қылмыстар күн санап өсуде. Осыған орай облыстық білім басқармасына балаларды ақпарат­тандыру, ата-аналарға арналған оқыту бағдарламаларын дайындау сынды бірқатар іс-шараны ұсынғым келеді, – деді басқарма бастығы.

    Құқықбұзушылыққа бейім жасөс­пірімдерге психологиялық көмек көр­сету маңызды. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшы­сының уақытша міндетін атқарушы Ләззат Мырзабекованың айтуынша, жастар ресурстық орталықтары бұл бағытта белсенді қызмет атқарып келеді.
    – Аудандардағы жастар ресурстық орталықтарында психологтар жұмыс істейді. Жастардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайту және дағдарыс жағдайымен күресу дағдыларын дамыту мақсатында мектептер мен колледждерде 21 психологиялық тренинг және 14 семинар өткізілді. Бұл іс-шаралар жастардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Сонымен қоса олардың бос уақытын тиімді өткізуіне және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған 16 қоғамдық және спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шаралар жастардың жаңа мүмкіндік­тер ашуына көмектесті, – дейді Ләззат Оразбекқызы.
    Ал облыстық білім басқармасы басшы­сының орынбасары Гүлсара Тастанды­қызының сөзінше, соңғы кезде түрлі себептермен мектептен қол үзген бала­ларды қайта оқу ордасына оралту қиын­дай түскен.
    – Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жайттардың алдын алу үшін психологтардың жұмысын жолға қоюмен қатар, арнайы жауапты органдар мен білім мекемелері арасындағы жұмысты нығайту керек деп ойлаймын. Оқyға бармайтын кәмелетке толмағандардың артуына түрткі болған түрлі себептер бар. Біз мұны жергілікті әкімдіктер және құзырлы органдармен бірге терең зерделеуіміз қажет, – деді Гүлсара Тастандықызы.
    Жиын соңында комиссия төрағасы Болат Күреңбеков қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне, зорлық-зомбылық пен суицидке жол бермеу және олардың санын азайту екенін айтты. Өйткені өмірге келген әр баланың өз құқығы бар. Оларды қорғау – үлкендерге парыз. Осы бағытта нәтижелі істер атқарылуы үшін Қонаев қаласы мен аудан әкімдеріне, облыстық полиция департаменті мен білім басқармасына нақты тапсырмалар берді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

    Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

    2 months ago
    Жаңа ғимараттар бой көтеруде

    Жаңа ғимараттар бой көтеруде

    2 years ago
    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды

    Бейбіт өмірді бағалайық

    1 year ago
    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    1 year ago
    Президент: Алдағы жылдары ауылды дамытуға күш саламыз

    Ауылды дамыту – елді дамыту

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.