-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Асық ойнаған азбайды

    20.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Асық ойнаған азбайды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Бұрын балалар жер кепкен бойы асығын майлап, сақасын сайлап, ауыл шетіндегі алаңқайда асық ойынын қыздыратын болса, бүгінде осы бір атадан қалған қымбатты ойынға ден қоятын қара домалақтардлың қатары сиергендей көрінетін. Оның үсітне, қорғасын құйып, сақа жасауды білмейтін ұрпақ өсіп келеді деген алаң көңілде болғанымыз тағы бар. Деседе соңғы кездері  ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарды қайта жаңғырғаны үмітіміздің шоғын үрлей түсті. Осы оң үдірістердің легімен  атдан қалған асық ойынымыз мектеп қабырғасын-дағы  жас ұрпақпен қайта қауышты.

    Кеңестік кезеңдегі «асық ойнаған – азар» деген мақал қазір ұмыт болған. Бүгінде ұлттық ойынымыз ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енді. Ал елімізде баланы ептілікке, мергендікке, ең бастысы әділдікке тәрбиелейтін ойын түрі мектеп бағдарламасына біртіндеп еніп жатыр. Асық ойнауды әспеттеген білім ордаларының бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы № 1 Рахат орта мектебі. Онда жас шәкірттерді екі жылдан бері асық ойынына баулып келе жатқан «Алтын сақа» асық үйірмесі бар. Асық ойынын дамытуда білікті маман Ерзат Амандықұлының сіңірген еңбегі зор. Ол үйірмедегі ер балаларға асық ату ойынының ерекшеліктерін меңгертіп, іскерлігін танытуда.

    – Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде көптеген мектеп оқушысының сабаққа зейіні төмен, есте сақтау қабілеті нашар, көп ойланғысы келмейді. Оқуға құшарлықтың төмендеуі өтпелі кезеңдегі жеткіншектер бойынан көп байқалады. Бұл баланың тұлғалық қалыптасуы мен бойындағы қабілетін бағдарлайтын кезінде зиян әрі болашақ мамандығын таңдауға да кесірін тигізеді. Кейін үйірме ашылып, оған балалар бойындағы енжарлықты асық ойындарына қызықтыру арқылы жоюға болатындығына көз жеткіздім. Бүгінде мектебімізде асық ойыны арнайы үйірме ретінде жүргізіліп келеді. Бойында қазақ деген қаны бар әрбір алаш баласына асық ойыны өте қатты ұнауда. Оны уақыт өткен сайын үйірмеге балалардың көптеп келіп тіркелуінен байқауға болады. Асық ойыны баланы ең бірінші шапшаңдыққа, ептiлiкке баулиды. Үнемі қозғалыста болғандықтан денесі шынығады, көздің алыстан көру қабілеті артады, ағзасы тынығады, мергендікке үйренеді, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асықтың алшы, тәйке, бүк, шік, омпа деген жақтары болады. Оның ішінде алшы жатысын өте бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтқан. Біздің үйірмедегі балалар шеңбер ішіндегі асықты дәл көздеуге машықтанған. Ойыншыларымыз облыстық және аудандық жарыстарда мергендік танытып, жеңімпаз атанып келеді. Ұлттық ойынның дамуына мектеп басшысы Мадина Серікқызының да қосып жатқан үлесі мол. Басшының қолдауымен мектебімізде «Ұлттық ойын» бұрышы да ашылды. Оқушылар бос уақыттарында емін-еркін асық ойнауға мүмкіндік алып отыр, – дейді Ерзат Амандықұлы

    «Алтын сақа» асық үйірмесіндегі өрендер тек мергендігімен емес, әралуан бұйым жасаған шеберлігімен де көзге түсіп үлгеріпті. Солардың бірі – Ернияз Иемберді. Ол қарашадайынан асықтан алуан бұйым жасауға әуестенген. Ол асықтан сылдырмақ, аяқ киім  жетіген жасапты. 7 сынып оқушысы өткен жылы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурсында 3-орынға ие болыпты.

    – Асық жинауға бала жастан құмар болдым. Кейін интернеттен асықтан жасалған түрлі бұйымдарды көрдім. Осылай өзім де асықтан бұйым жасап көруге бел будым. Сөйтіп үйрене келе, кішкентай асықтан түрлі бұйымдар жасай бастадым. Бір қызығы, жасалған   туындылардың қозғалтуға, бұруға икемді екенін аңғардым. Қазір оларды бояп, сәндеп жасауға машықтанып жүрмін,–  дейді Ернияз Иемберді. Төл мәдениетіміздің бір бөлшегі, мыңжылдықтан бері ата-бабамызбен жасап келе жатқан асық ойындарының жас ұрпақтың ақыл-ойын жетілдіруге мүмкіндік беретіні айдан анық. «Алтын сақа» үйірмесіндегі жас өрендердің «асығы алшысынан түсін» деп тіледік.

    Ерзат АСЫЛ,

    Еңбекшіқазақ  ауданы

    Ұсынымдар

    Жолдың жайын жүрген білер

    Жолдың жайын жүрген білер

    1 year ago
    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    9 months ago
    Әлеуметтік кодекстің мәні

    Әлеуметтік кодекстің мәні

    1 year ago
    Ешбір өтініш аяқсыз қалмайды

    Ешбір өтініш аяқсыз қалмайды

    1 year ago
    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>