-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бабалар есімін жаңғыртқан

    01.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бабалар есімін жаңғыртқан
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

         Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен аралас-құралас болғаныма 10-15 жылдың жүзі болыпты. Бізді жақындастырған тарихи тұлғалар тақырыбындағы жиындар мен басқосулар еді.

    Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен аралас-құралас болғаныма 10-15 жылдың жүзі болыпты. Бізді жақындастырған тарихи тұлғалар тақырыбындағы жиындар мен басқосулар еді.

    Ұмытпасам, 2016 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті мен ол басқаратын қоғамдық ұйым өзара бірлесе отырып, алғаш рет университет базасында шапырашты Наурызбай батырдың 310 жылдығына арналған конференция өткіздік. Біз­дің тарап конференцияның ғылыми негіздеріне мән берді. Пленарлы мәжілісте баяндама жасадым. Бұл шара Нәкеңнің көңілінен шыққан болуы керек, содан кейін кезекті іс-шараларды құлшына қолға алды. Оның бастамасымен Шымкент қаласын­да, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта, Кербұлақ өңіріндегі Шоқан елдімекенінде бірқатар ғылыми жиын ұйымдастырылды. Менің сонда анық аңғарғаным, Нағашыбек Қапалбекұлы тарихи тұлғаларға қатысты мәселе көтерілгенде тыным таппайды, ішкен асын жерге қояды деп айтуға толық болады.
    Оның себептерін де білдік. Соғыстан кейінгі кезеңде, 1950 жылы наурыз айында дүниеге келген ол жастайынан Алатаудың қар басқан шыңдары мен тауларын жанарымен жіті шолып, шежірелерді көкірегіне сыйғызып, тамаша табиғаттың сұлулығын санасына сіңіріп өскен. Осы өлкеде өмір сүріп, тарихта із қалдырған батырлар мен ақындар туралы небір аңыз-әңгімелерді алдымен әкесінен, сосын көнекөз қариялардан естіп, ой елегінен өткізіп, қағазға түсіріп жинап отырған. Жазуға бейімі мектеп қабырғасында байқала бастапты. Жоғары сынып оқушысының алғашқы әңгімесіне классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өзі ақ батасын берген екен.
    Ол бірқатар өмір сатыларынан ойдағыдай өтіп барып, Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» газетінде шығармашылық қызметін бастайды. Мұнда жауапты хатшы, редактордың орынбасары, редактор болып көп­шілік­ке сан қырынан танылады. Сонымен қатар өлкетануға да ерекше ден қояды. Нағашбек Қапалбекұлы тілшілік қызметте жүргенде көкірегі тарихқа тұнып тұрған, көненің көзі болған қариялардың ауыздарынан шыққан әрбір мәліметті – тарихи аңыздарды, әңгімелерді, қиссаларды, көк дәптеріне түртіп жаза береді, жаза береді. Сондай қалың көк дәптерлердің қаншасының жиналғаны тек Нәкеңе ғана аян. Осындай ізденістің арқасында кешегі жас журналист, бүгінгі күндері елге белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы тарихи тұлғалардың есімін қайта жаңғыртты. Қарасай, Наурызбай, Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай және Бекболат батырлардың қайтадан тұғырға қонуына жазушы­ның қосқан үлесі ерекше дер едім. Мәселен, Сарыбай би, Андас датқа, Тезек төре, Медеу Пұсырманұлы, Мақыш балуан, Құртқа тәуіп, Түктібай қобызшы, Қырбай сал, Сәт болыс секілді тұлға­лардың қайта тіріліп, халқымен қауышуына Нәкеңнің сіңірген еңбегі орасан. Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді атақты ақындармен басталып, одан әрі Өтеп, Өмірзақ, Әбдіғали, Есдәулет, Саяділдер­мен жалғасқан жетісулық ақындар мектебінің көрнекті өкілдерін және олардың әдеби мұраларын ұрпақтарға жеткізу жолындағы ізденісі өзінше бір төбе.
    Жоғарыда айтылған ойларымыз жалаң болмауы үшін осы жерде Қапалбекұлының көк дәптеріндегі материалдар мен мәліметтер негіз болып, қалың елдің рухани байлығына айналған бірнеше тұлғаны айта кеткен жөн дер едім. Олар – «Мақыш балуан» (1997), «Қарасай батыр» (2001), «Жамбыл ата» (2006), «Сыпатай батыр» (2013), «Балуан Шолақ Баймырзаұлы» (2014), «Құртқа тәуіп» (2015), «Кәшке батыр» (2017), «Омарбек батыр» (2018) болып жалғаса береді.
    Осындай тұлғалардың арасынан орын алған Омарбек батыр жөнінде бір-екі ауыз пікірімді айта кетейін. Омарбек Жантайұлы – 1929-1932 жылдары Ұзынағаш өңірінде Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыруына қарсы шығып, нағыз халық батыры атанған тұлға. Ол шамамен XIX ғасырдың 80-90-жылдары осы өңірде дүниеге келіп, бүкіл тіршілігін күрес­ке арнап, әділеттілік үшін жанын аямаған. Нағашыбек Қапалбекұлының жазуынша, батыр алғаш рет XX ғасыр басында патшалық биліктің жергілікті жердегі шенеуніктерінің озбырлығына қарсы бас көтереді де, жендеттермен жеке өзі ашық айқасқа шығады. Сол кезден бастап Омарбектің ерлігі елге танылады.
    Алайда патша жендеттерімен қанша тартысса да, тең емес күштің салдарынан тұтқынға түседі. Сол кездегі Верныйға жіберіледі. Ержүрек сардар амалын тауып, айдаудан қашып құтылады. Тау асып, қырғыздар жағына өтеді. 1916 жылы Ұлт-азаттық көтеріліс басталғанда халық батыры Бекболат Әшекеевтің қасынан табылып, оның оң қолына айналады. Өкінішке қарай, бұл көтеріліс те жеңіліс табады. Омарбек тағы да абақтыға қамалады. Соттың үкімімен Сібірге айдалады. Одан да сытылып шығып, елге оралған екен.
    Кеңес өкіметінің алғашқы жыл­дарында жаңа саясатты қолдайды. Кеген, Нарынқол жағында шаруалар кеңесінің жетекшісі қызметін атқара­ды. Бірақ бұл биліктің де қулық, сұмдықтарын аңғарып үлгереді. Наразылығын танытып, қарсылық көрсете бастайды. 1929-1932 жылдары күштеп ұжымдастыру саясатының дұрыс еместігін ашық айтады. Жер­гілікті жұрттың ортасынан бой көрсетеді. Оларға жетекшілік етеді. Көтеріліс аумағы Суықтөбе, Беріктас, Ақтерек, Үлкенсаз, Қарақыстақ елді­мекендерін қамтып, қолына қару алғандардың саны 500-ге жуықтайды. Омарбек Жантайұлы жан-тәнімен ақиқатты жақтайды. 1932 жылы қызыл әскерлермен болған ұрыстардың бірінде жараланып қолға түседі де, көп ұзамай есіл ер қаза табады. Кеңес өкіметі халық батырын көпшілікке керісінше көрсетіп, «қарақшы, банды» деп жариялайды.
    Нағашыбек Қапалбекұлының 1970-1980 жылдары ел арасынан жинаған материалдары кәдеге жарады. Елімізге белгілі тарихшылар – академик Мәмбет Қойгелдиевтің, профессор Талас Омарбековтің, тарих ғылымының кандидаты Қайдар Алдажұмановтың ұжымдастыру саясаты мен осы жыл­дар­дағы саяси үдерістер туралы зерт­теу­леріндегі архивтік мәліметтер негізінде Омарбек батырды жаладан ақтап, қайта тірілтіп, халқымен бір­жолата қауыштырады.
    Жазушының Омарбек батыр туралы «Кек» романын оқып шыққанннан кейін сол өңірдің тумасы, жасы жетпіс­тен асқан, көзі ашық, көпті көрген бір-екі кісіден Омарбек Жантайұлы туралы не білетінін сұрағанымда, олар: «Бізге бала кезімізде оны қарақшылар тобын басқарған адам деп айтатын еді», – деді. Мен оларға Нағашыбек Қапалбекұлының Омарбек батыр жайындағы көркем кітабын оқуға кеңес бердім.
    Нағашыбек Қапалбекұлының жазушылығы – өзінше бір үлкен әңгіменің арқауы, зерттеуді қажет ететін тақырып. Ол туралы айтуды әдебиеттанушылардың еншісіне қалдырайық. Тарихи тұлғаларды тірілтіп жүрген қаламгердің тағы бір қыры – оның қоғам қайраткері және өлкетанушы ретіндегі ерекшелігі.
    Нәкең тек тарихи тұлғалар туралы танымдық еңбектерді жазып, газет-журнал беттерінде жариялаумен ғана шектелмейді. Олар туралы тың мәліметтерді халықтық шараларға пайдаланады. Тұлғаларға арналған мерейтойлардың мазмұнын тереңдетуге үлес қосады. Соған қатысты ғылыми экспедиция, дөңгелек үстел, түрлі басқосулар мен конференцияларды ұйымдастыруға атсалысады. Соңғы он шақты жылдың аясында Нәкеңнің жетекшілігімен Алтынемелдегі Тезек төре, Шоқан Уәлиханов жерленген қорым­да, Шоқан мұражайында, Сарыбай би, Саурық батыр, Кенен және Сүйінбай ауылдарында жиындар өткізілді.
    Ол қолға алған істеріне кәнігі журналист ретінде мән береді. Өзінің көмекшілері мен іні-қарындастарына өткізілген шара туралы ақпараттар таратуға тапсырмалар жүктейді. Сол материалдардың эфирге шығуын, мерзімді басылым­дарда, тіпті әлеуметтік желілерде жариялануын өзі қадағалайтын ұқып­тылығы бар. Бұл оның білікті ұйымдас­тырушыға айналғанын көрсетсе керек.
    Қаламгердің қыры мен сырын айта отырып, жанымызға жақын тұтатын жақсы досты 75 жылдық мерейжасы­мен құттықтағымыз келеді. Амандық пен саулық тілеп, көк дәптерінің тың деректермен қалыңдай бергенін қалаймыз. Шаң басқан архивтерде жатқан ақпараттар жарыққа шығып, назардан тыс қалған есіл ерлер Нәкең арқылы халқымен қауышып жатса, қандай ғанибет! Қаламгер үшін ұлтқа қызмет етуден артық мәртебе жоқ.

    Берекет Кәрібаев,
    ҚР ҰҒА академигі,
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы,

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

    Ұсынымдар

    Халық үніне құлақ асуға шақырды

    Халық үніне құлақ асуға шақырды

    2 years ago
    Қалай сұхбат алу керек: кәсіби журналистердің кеңестері

    Қалай сұхбат алу керек: кәсіби журналистердің кеңестері

    2 years ago
    Алтын астық – ел ырысы

    Алтын астық – ел ырысы

    8 months ago
    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    7 months ago
    Тоқпанов салған сара жол

    Тоқпанов салған сара жол

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>