-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Болашаққа бағдар

    15.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Болашаққа бағдар
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Биылғы жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланып, еңбек адамының беделін арттыруға, кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше мән берілуде. Осы орайда Талғар қаласындағы медициналық колледжде «Мамандығым – мақтанышым!» атты шара өтті. Онда арнайы көрме ұйымдастырылып, дәрігерлік мамандық дәріптелді.

    Көрмеде анатомия, физиология, гигиена, әлеуметтік денсаулық сақтау, лаборатория ісі, микробиология, фармакология, мейіргер ісі негіздері, акушерлік іс, хирургия, балалар аурулары пәндерінен 3-4 курс білім алушылары өздерінің тәжірибелік дағдыларын ортаға салды. Фантомдар мен симуляциялық муляждарда қан қысымын өлшеу, таңғыш салу, алғашқы медициналық көмек көрсету, инъекция орындау техникасы, жаңа туған нәрестеге күтім жасау секілді маңызды медициналық іс-әрекеттер таныстырылды. Арнайы пән оқытушылары мен 3-4 курс білім алушылары көрмеге келген 1-курс студент­тері мен Талғар қаласындағы мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерін ортаға салды.
    Білікті мамандар жауапкершілік жүгі ауыр сала жайлы ой толғап, адам өміріне араша түсетін мамандықтың қыр-сырымен бөлісті. Аталмыш шара медицина саласына қызығушылық танытқан жастар үшін үлкен жігер беріп, болашаққа бағыт сілтеді. Осы шараға куә болған 1-курс студенттері Кәусар Бағыбек пен Жансая Шолпанбекқызы көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп, медицина мамандығына деген сүйіспен­шіліктерінің арта түскенін атап өтті.
    Ертеңгі денсаулық сақшылары – бүгінгі медициналық колледж студенттері үшін өз мамандықтарын сүю аса маңызды. Өйткені ол өз дағдыларын жетілдіруге, сапалы білім алып, болашақта білікті маман болуға жетелейді. Еліміз үшін де медицина саласының дамуы аса қажетті дүние. Өйткені бұл – ерекше маңызға ие сала. Денсаулық сақтау жүйесі адал еңбек, жанашырлық және кәсібилік негізінде ғана өркендей түспек.
    «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет» дегендей, әр адам өз ісін сүйіспеншілікпен орындаса ғана табысқа жетеді. Біз бұл көрме арқылы мамандығын мақтан тұтатын және болашақта еліміздің денсаулық сақтау саласына өз үлесін қосатын білім алушылардың жанарына үлкен үміт отын жақтық.

    Бағжан Құдабаев,
    Талғар медициналық колледжінің директоры

    Ұсынымдар

    Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ат бәйгесі өтті

    Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ат бәйгесі өтті

    2 years ago
    Бірлескен іс нәтижелі

    Бірлескен іс нәтижелі

    1 year ago
    Ғасыр шежіресі

    Ғасыр шежіресі

    1 month ago
    Қонаевта жаңғыртылған қалалық кітапхана ашылды

    Қонаевта жаңғыртылған қалалық кітапхана ашылды

    2 months ago
    Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

    Жылыту мауысында өрттен 7 адам көз жұмды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>