⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәстүрлі доп додасы

    09.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Дәстүрлі доп додасы
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Қонаев қаласында футболдан облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті. Аталған жарыс балалар футболының бапкерлері Валерий Бочеваров пен Константин Муратидиді еске алуға арналды. Турнирге еліміздің бірнеше аймағынан, Алматы облысының барлық ауданы мен Қонаев қаласынан 2011-2012 және 2013-2014 жылдары туған балалар мен жасөспірімдер қатысты.

    «Жарыстың мақсаты – балалар футболын дамыту және жас ойыншылардың шеберлігін шыңдау. Валерий Бочеваров пен Константин Муратиди саналы ғұмырын бапкерлік қызметке арнаған, спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеген білікті бапкерлер болатын. Алматы облысындағы балалар футболын дамытуға өз үлестерін қосты. Турнир биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр», – деді ОМБЖСМ директоры Бекежан Турлыбеков.

    «Былтыр «Konaev cap» турнирінде жүлдегер атандық. Қонаев қаласына тағы да бақ сынауға келдік. Балаларды осындай жарыстарға көптеп қатыстырсақ, тәжірибесінің толығуына, айтулы додаларда үздік нәтиже көрсетуіне жол ашатынымыз анық», – деді Қызылорда облысы «Орда» футбол клубының бапкері Айболат Едіге.

    Турнир қорытындысы бойынша, 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында І орынды Қонаев қаласындағы ОМБЖСМ, ІІ орынды Талдықорған қаласындағы ОМБЖСМ спортшылары иеленді. Ал ІІІ орын Түркістан облысына қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболшыларына бұйырды.

    2013-2014 жылы туғандар арасында Павлодар облысының «Ақсу» командасы үздік шықты. Екінші орын Қарасай ауданының «Үшқоңыр» командасына бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды Қонаев қаласындағы ОМБЖСМ шәкірттері иеленді.

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Коалиция мүшелері “Zamza” сауда-ойын-сауық орталығы қызметкерлерімен кездесті
    12.03.2026
    Үмбетәлі ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
    12.03.2026
    Алыстағы Үлкен ауылына барды
    12.03.2026
    Коалиция мүшелері Ақтерек тұрғындарымен кездесті
    12.03.2026
    «Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!» атты жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара Қонаев қаласында өтті
    12.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>