-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Егінбекке ел риза

    27.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Егінбекке ел риза
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Жүзінен жылылықтың шуағы мен мейірімі ұшқындаған жаны жомарт жандар аз емес. Алғыс арқалап жүрген сондай азаматтардың қатарында Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков те бар.

    Оның бұдан бұрын да халыққа жасаған қайырымдылық істері көпшілік назарынан тыс қалмады. Ол мұқтаждықпен алдына барған адамды құралақан қайтармайды. Былтыр қыста отын тапшылығын тартқан жеті отбасының мүшелеріне өз қаражатына көмір түсіріп берген. Көксай ауылының тұрғындары Ирина Долматова, Сандуғаш Исаева, Светлана Кустова, Айсәуле Бексұлтанова, Іргелі ауылынан Дина Бахтинова, Кемертоған ауылынан Нұргелді Шалабаевтар қарияның қамқорлығына ерекше риза.
    – Бұлардың ішінде Кемертоған ауылындағы орта мектептің 6-сыны­бында оқитын жетім бала Темірлан Жанатұлының жөні мүлде бөлек. Ол бір бөлмелі үйде жалғыз өзі тұрады. Оған менің қамқорлығым басқаша. Отын мен көмір, азық-түлік, киім-кешек жағынан үнемі көмектесіп тұрамын, – дейді Егінбек Егеубеков.
    «Халық айтса, қалт айтпайды» деген рас сөз. Ардагердің азаматтық ісіне ризашылығын білдіріп жатқан жұртшылық «Қамқорлық деп осыны айт!» деп ағынан жарылады. Шындығында, халықтың қамын жеген Егінбек Егеубековті қалай дәріптесе де жарасады.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Мұраты асқақ Мұздыман

    Мұраты асқақ Мұздыман

    2 months ago
    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    2 years ago
    Ту – тұғырым

    Ту – тұғырым

    1 year ago
    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    4 months ago
    Қолөнер шебері

    Қолөнер шебері

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.