-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлікке тағзым

    05.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ерлікке тағзым
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Талғар ауданындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Ауған соғысының ардагері, Талғар ауданының Құрметті азаматы Ерғалым Ждановты, сондай-ақ Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған бокстан республикалық турнир өтіп жатыр. Шаршы алаңға Алматы облысының аудандарынан ғана емес, Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер, барлығы 140 қатысушы шықты.

    Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу турнирі осымен 12 мәрте ұйымдастырылып отыр. Соның ішінде 5 жыл қатарынан Талғар ауданындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында өтуде. Аталған жарыс жас ұрпақтың спортпен шынығуына және отаншылдық рухын оятуға бағытталған.

    «Талғар ауданынан Ауған соғысына 160 жауынгер аттанған. Соның 11-і майдан даласында қаза тапты. Есіл ерлердің рухына тағзым ретінде ұйымдастырылған турнир ең алдымен аудандық, содан кейін облыстық деңгейге көтерілді. Бүгінгі таңда турнирге еліміздің басқа да аймақтарынан спортшылар өнер көрсетуде.  Жарысқа қатысушылар Ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлікке толы әңгімелерін тыңдайды. Сондықтан бұл турнир жастардың нағыз патриот болып өсуіне өз үлесін қосады деп ойлаймын», – деді Талғар қаласындағы «Жауынгер» қоғамдық ұйымының төрағасы Серікқазы Жұмаділов.

    Спортшылар 14 салмақ дәрежесінде – 33 келіден +70 келіге дейін сынға түсуде. Қатысушылардың бірқатары бұдан бұрын жарысқа шығып, тәжірибе жинақтап үлгергендер. Соның ішінде Талғардағы балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттығып жатқан өрендерді ерекшелеп айтуға болады. Олар бапкерлерімен бірге бұл жарысқа да тыңғылықты дайындалып келген.

    «Жарыстың мақсаты – жас боксшыларды ерлікке тағзым көрсетуге, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді құрметтеуге үндейді. Аталған турнирдің ерекшелігі, жеңімпаздар ҚР спорт шеберлігіне кандидат деген атаққа ие болады», –  деді бокстан Талғар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Әли Қамбаров.

    Мамандар шаршы алаңда қолғап түйістірген жас боксшылардың қимыл-қозғалысына қарап, Қазақстан боксының болашағы жарқын екеніне тағы да көз жеткізгендей болды. Әсіресе, 13 жасар Бекарыса Сержантұлынан көп үміт күтуге болады.

    «Мен бес жасымнан бастап Талғардағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокспен айналысып келемін. Былтыр осы турнирде жеңімпаз атандым. Болашақта әлемдік жарыстарға қатысып, ел мерейін үстем етсем деген арманым бар. Сол үшін бапкерімнің айтқанын орындап, жаттығуға үзбей қатысуға тырысамын», – дейді бокстан спорт шеберлігіне кандидат Бекарыс Сержантұлы.

    Турнир қорытындысы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 7 наурыз күні финалдық кездесуден кейін өтеді.

    Ұсынымдар

    Батыр атындағы белдесу

    Батыр атындағы белдесу

    8 months ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Үш ауысымды мектептер саны азаймақ

    10 months ago
    Нестердің тазылары

    Нестердің тазылары

    1 year ago
    Көптен күткен қуаныш

    Көптен күткен қуаныш

    6 months ago
    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>