-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кикбокстан облыс біріншілігі аяқталды

    03.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Кикбокстан облыс біріншілігі аяқталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қонаев қаласында кикбокстан Алматы облысының чемпионаты өтті. Облыс біріншілігіне 16 команданың туы астында барлығы 150-ден астам спортшы қатысып, бес жас санаты  – 11-12, 13-14, 15-16, 17-18, 19 және одан жоғары жаста бақ сынады.  Облыс чемпионатын Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ашты.

    «Кейінгі жылдары кикбокс спорты жастар арасында танымал бола бастады. Шығыс жекпе-жек өнерінің бұл түрі спорттық білікті дамытумен қатар балаларды алға қойған мақсатқа жетуге, жеңіске деген құлшынысын арттыруға және ержүректілікке тәрбиелейді.Алматы облысының бапкерлері шәкірттерінің републикалық және халықаралық додаларда топ жаруына барын салып жүр», – деді Төлеген Кенжебеков.

    Әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы үздік командалар тізімінде. Былтыр ел спортшылары үшін жемісті жыл болды деп айтуға болады.
    «Алматы облысында кикбокспен 500 спортшы айналысады. 2024 жыл біз үшін жеңісті күндерге толы болды. Түркия мен Өзбекстанда өткен Әлем кубогінде спортшыларымыз 16 медаль, соның ішінде 5 алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп жүр. Қазақстан біріншілігінде 30 алтын, 30 күміс, 40 қола медальға қол жеткізді. Ал халықаралық және республикалық турнирлерде 80 алтын, 51 күміс және 84 қола медаль алды. Қазіргі таңда Алматы облысының спортшысы, кикбокстен әлем чемпионы Мереке Жүнісова ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. 2024 жылы 50 спорт шеберлігіне кандидаттық және 10 бірінші спорттық разряд тапсырылды», – деді кикбоксген Алматы облысы бойынша аға жаттықтырушы, Алматы облыстық кикбоксинг федерациясының президенті Асхат Ахметжанов.
    Аталған жарыста спортшылар кикбоксингтің лайт-контакт, лоу-кик және фулл-контакт түрімен бәсекеге түсті. Облыстық чемпионат олимпиадалық жүйе бойынша (бірінші жеңілістен кейін шығу) ұйымдастырылған. Жүлдегерлер ішінде екі мәрте Әлем кубогінің иегері, халықаралық жарыстардың үш мәрте жеңімпазы, республикалық турнирлерде бес мәрте чемпион атанған Ахмет Асхатулы да бар.
    «Менің ендігі мақсатым – Қазақстанда топ жарып, Азия мен әлем біршілігінде ел мерейін үстем ету. Осылайша спортта артымнан еріп келе жатқан іні-қарындастарыма үлгі болғым келеді. Болашақта бапкерлікпен айналысып, спортты дамытуға өз үлесімді қоссам деген ниеттемін», – дейді Ахмет Асхатұлы.
    Сонымен қатар аталған турнирде өз салмақ дәрежесінде Қонаев қаласының спортшылары – Зарина Ахметжанова, Аружан Сапар, Батырхан Ханкелди, Мадина Оралбай, Вячеслав Баранов, Айдан Байбакты, Нуртас Каптагаев, Кирилл Селин, Нұрәли Имандосов, Амир Серікжан және Райымбек Заден чемпион атанды. Ал Дінмухамед Исабек, Аяла Санатқызы, Амина Серікова, Алтынай Жұмақын, Ербол Ерғанат, Бекжан Бекмұхамбетов, Аманжол Бақытболов және Ділмұрат Қанатулы күміс жүлде алды. Қола жүлдеге Мансұр Серікжан, Нұрәли Қанатулы, Артем Селин, Злата Баранова, Кристина Апайкова қол жеткізді.

    Ұсынымдар

    Жыр алыбына тағзым

    Жыр алыбына тағзым

    1 year ago
    ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҒЫЛЫМДА

    ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҒЫЛЫМДА

    2 months ago
    Цифрлық картаның тиімділігі

    Цифрлық картаның тиімділігі

    10 months ago
    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    3 months ago
    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.