[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолына қыран қондырған

    08.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қолына қыран қондырған
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Халқымыз ұшқанда құстың қанаты талатын, жүгіргенде аңның тұяғы тозатын Ұлы далада тек жан бағып, малдың күйін күйттеумен ғұмыр кешкен жоқ. Бабаларымыз мінсең – көлік, жесең – тамақ, кисең киім болатын жануармен саятшылық құрып, аң аулауға бейім құс ұстап, дарқан даладан қызықты да таба білді. Осы тұста құсбегілік өнері хақында, сондай-ақ қазақтың қайсар қызы Әйгерім Жаңғысова турасында аз-кем сөз етпекпіз.

    Ұлтымыздың болмысын айқындап тұратын салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптардың осы күнге дейін жарасымды жалғасын тауып, ұмытылмай келе жатқаны аян. Бүркіт – қиядағыны көре білетін, ойыңды оқып, иесін тілсіз түсінетін текті құс. Аспан түстес Туымызда қыран құстың бейнеленуі қазақ ұлтының адалдығы мен тазалығын айшықтап тұрғандай. Зеңгір көкте самғаған бүркітке ерекше бап керек. Оның сұсы мен мысына екінің бірі шыдай бермейтіні тағы бар. Өткір көзі қараған адамның өңменін тесіп өтерліктей.
    Бабадан мирас болған осынау өнер Әйгерімді бала кезінен баураған. Ол елімізге әйгілі құсбегілер шаңырағында өмір есігін ашқандықтан, ұяда көрген ұлағатты бойына сіңірсе керек. Сондықтан қаршадайынан түз тағысын түлетуге ынталы болыпты. Бүгінде ол – республикалық «Жеті қазына» құсбегілер клубының мүшесі.
    – Әйгерім бабалардан қалған төл өнерді әкелері Мұхамед, Бекмұханнан бойына сіңіріп, тәжірибе жинақтап өсті. Ол тек қана құсбегілік емес, елімізде өтіп жатқан қаншама мәдени іс-шараға қатысып, алғыс арқалап жүр. Алыс-жақын шетелдерде қазақтың мұрасын, дәстүрін насихаттап төрге шығарды. Көк Туымыздағы қыранның қасиетін көпке танымал етіп, биіктен көрсетуде, – дейді Нұра ауылындағы республикалық «Жеті қазына » құсбегілер мұражайының директоры Динара Баетбайқызы.
    Елорда төрінде өткен V Дүние­жүзілік көшпенділер ойынында ұлттық өнеріміздің барша әлемге ұлықталғаны мәлім. Сол бір дүйім дүние елеңдеген шараға Алматы облысының атынан Әйгерім Жаңғысова да қатысқан. Ұлттық үлгіде киініп, қолына қыран қондырған қазақ қызына шетелдіктер тамсана қараған. Оның өзгеше өнерін алыстан келген қонақтар айрықша жоғары бағалапты.
    – V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында өзім баптаған құсымды қолыма қондырып, көптеген шараға қатыстым. Сол бір сәтте шетелдік қонақтар қасыма келіп, таласа-тармаса фотоға түсіп жатты. Олар шынымен түз тағысының бабын тапқан бабалары­мыздың өнеріне қайран қалды. Тіпті кейбірі құсбегілік өнерді адамзат баласының сирек кездесетін құндылығы деп жатты. Сол кезде кеудемді шексіз мақтаныш кернеді, – дейді Әйгерім Жаңғысова.
    Көптің көзайымына айналған бүркітші қызымыз сол көшпенділер ойынында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған. Әйгерімге сан қырың­мен шоқтығың биік болып, талмай самғай бер дегіміз келеді.

    Ерзат АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жүрегі жырдан жаралған

    Жүрегі жырдан жаралған

    7 months ago
    Өндіріс өркендеп келеді

    Өндіріс өркендеп келеді

    8 months ago
    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    1 year ago
    Азаттықтың ақ таңы

    Азаттықтың ақ таңы

    1 year ago
    Алматы облысында “жемқорлардан тәркіленген” қаржыға 10 мектеп салынбақ

    Алматы облысында 39 мектеп пен 8 ауруханаға күрделі жөндеу басталды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>