-13 °c
Qonaev
Thursday, September 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қыспен қоштасу

    06.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қыспен қоштасу
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Талғар ауданында қыс маусымының аяқталуына орай Масленица мерекесі өтті. Бұл – қарлы да аязды күнмен қоштасып, жылы леп есіп, жылғалардан су ағатын көктемді қарсы алуға арналған славян халықтарының мерекесі. Қазақстанның кей өңірлерінде дәстүрге айналған осынау шараны Талғар қаласының әкімдігі мен беларусь этномәдени орталығы ұйымдастырды.

    Мәдениет үйінің аумағындағы алаңда сахна бой көтеріп, мерекелік шара «Калинушка» балалар ансамблінің орындауындағы «Калинка» биімен басталды. Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті айтулы күнмен құттықтады.
    – Бұл – өзара түсіністік, бір-бірін құрметтеу мерекесі. Біз әрқайсымыз әр ұлттың өкілі болғанымызбен, бәріміз Қазақстанның бейбіт аспаны астында бірге өмір сүріп жатырмыз. Сол бейбіт өмір мәңгі болсын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, денсаулық, бақыт, игілік және бақ-береке тілеймін, – деді қала басшысы.
    Беларусь этномәдени орталығының төрағасы Жанна Третьяк славян халықтарының Масленица сияқты ежелгі мерекелер мен көне дәстүрлерді насихаттаудағы рөлін атап өтті. «Іле-Алатау» ұлттық паркінің экологиялық ағарту және туризм жөніндегі маманы Самал Әбілова да аталған мереке халықтар достығын нығайтуға үлес қосып жатқанын тілге тиек етті.
    Алаңға жиналған жұрт құймақ­тан, дәмі тіл үйіретін түрлі астан ауыз тиді. Аудандық Оқушылар үйі ұйымдастырған концерттік бағдарлама қатысушыларға мерекелік салтанат сыйлап, көңіл-күйін көтерді. Шараның шарықтау шегі алаңның ортасында орналасқан және қыстың соңын бейнелейтін тұлыпты жағу болды.
    Бұл мереке ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, баршаны біріктіріп, олардың бойында бейбітшілік, ізгілік пен мейірімділік сезімдерін ұялатады деген сенімдеміз.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Министр: Есірткіге тәуелді жастарды анықтайтын скрининг енгізіледі

    Министр: Есірткіге тәуелді жастарды анықтайтын скрининг енгізіледі

    2 years ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қапшағай жағалауындағы 42 жер телімі мемлекетке қайтарылады

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Аймақ әлеуеті зор

    3 months ago
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    1 year ago
    187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

    187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>