⛅
17°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мереке кәдесі

    15.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Мереке кәдесі
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Кеген ауданы Ұлыстың ұлы күнін «Наурызнама» онкүндігін негізге ала отырып атап өтуде. Соның ішінде қайырымдылық шарасына басымдық берілді. Мерекеге орай үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Наурыз кәдесі» атты іс-шара бастау алды.

    Қайырымдылық – ең ізгі қасиеттердің бірі. Мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – ата-бабадан келе жатқан дәстүр. Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
    Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің әкімшілігі қамқорлық акциясы аясында үйден оқитын, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында сыйлықтар таратты. Балалар­дың жүздері қуаныштан бал-бұл жайнады, ата-аналары мектеп ұжымына риза­шылық білдірді.
    – Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез қайырымдылық жасауға асығамыз. «Қуанса, бала қуансын!» деген сөз бекерге айтылмаған. Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін бәріміз тер төгуге міндеттіміз. Осындай жарқын іс адамдарды мейірім мен парасатқа, бірлік пен ынтымаққа үндейді, – деді мектеп директоры Динара Жетібаева.
    Қайырымдылық іс-шарасы барысында балаларға тәттілер мен ойыншықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлес­тірілді. Ауданда Наурыз мерекесі аясында осындай игі шаралар жалғаса бермек.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
    04.04.2026
    Қонаевта 700 түп ағаш отырғызылды
    04.04.2026
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>