-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өміріңді ұзартқың келсе…

    01.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Өміріңді ұзартқың келсе…
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Тәуелсіз еліміз қазір жаңа қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформаның арқасында тұрғындардың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс басталып, әлеуметтік белсенділігі де артып келеді. Оған республика бойынша ашылып жатқан Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары да ерекше ықпал етуде.

    Талғар қаласында осы мекеменің филиалы ашылды. Осыған орай аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға зейнет жасындағы азаматтар, қала жұртшылығы қатыс­ты. Орталықтың қызыл лента­сын қиған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков пен Алматы облысы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Жәния Сақташова шара қатысушыларын құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Қалыптасқан дәстүрге сай Талғар ауданының Құрметті азаматы, батагөй ақсақал Ауғанбай Қыпшақов бата беріп, ақ кимешекті әжелеріміз шашу шашты.
    Шарада алғашқы болып сөз алған Әнуар Әскербеков облыс әкімінің қолдауымен Талғар ауданында маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.
    – Зейнетке шыққан ардагерлеріміз бен мүгедектігі бар адамдардың уақытын тиімді өткізуіне арналған бұл орталықтың маңызы зор. Оның негізгі қызметі – жасы үлкен адамдар­­дың өмірін ұзартып, рухани, әлеуметтік тұрғыда көмек көрсету. Бұл жерде қарияларға көптеген қызмет көрсетілетін болады. Олар жас күнінде айналысуға уақыт таппаған сүйікті істерімен де шұғылдануға мүмкіндік алады. Сонымен бірге денсаулықтарын қалпына келтіріп, нығайтады, – деді.
    Айгүл Ахметова болса, аталмыш орталық Президентіміздің халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу жөніндегі тапсырмасының негізінде ашылып отырғанын айтып, бұл қарттар өміріндегі баламасы жоқ ерекше бағыт екенін жеткізді.
    – Біз осындай орталықтарды Алматы облысының 9 аудан, 2 қаласында аштық. Қарт кісілер көп тұратын елдімекендерде филиалдарын ұйымдастырып жатырмыз. Онда 19 түрлі қызмет тегін көрсетіледі. Ол сіздердің денсаулықтарыңызды нығайтып, мәдени-рухани тұрғыда дамуларыңызға септігін тигізеді. Мұнда келіп ән айтып, би билеп, кесте тоқып, ою-өрнек тіксеңіз де болады. Ең бастысы, өздеріңіздің қолдарыңыздан келетін барлық нәрсені жастарға үйретсеңіздер, олар сіздерден үлгі-өнеге алса деген өтінішіміз бар. Әрине, апа-әжелеріміз бұл тұрғыда өте белсенді, бірақ аталарымыз көп жағдайда қоғамдық жұмыстан сырт қалады. Сондықтан ер-азаматтарымыз да осы орталыққа келіп, уақытын тиімді әрі қызықты өткізсе, қандай керемет!
    Қазір Алматы облысында 180 мың қарт адам тұрады. Оларға қамқорлық таныту, қариялардың өмір сүру сапасын жақ­сарту, жүйелі демалысын ұйымдастыру, қоғамдық өмірге белсенді араластыру – бүгінгі мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі саналады, – деді Айгүл Матанқызы.
    Алматы облысы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Жәния Сақташова мекеменің жұмысы туралы кеңінен әңгімеледі.
    – Қазірге дейін орталыққа 1442 адам тіркелген, оның 8-і – мүгедек жан. Орталық «Күміс жас» және «Жастар практикасы» деп аталатын екі мемлекеттік бағдарламаның негізін­­де жұмыс істейді. Өз қызметі­мізде біз мерейтой, мерекелік шара, дөңгелек үстел, ашық есік күнін ұйымдастырамыз. Ұрпақтар сабақтас­тығын жалғау бағытында да қызмет жасаймыз.
    Қазір Талғар филиалында психолог, нутрициолог пен геронтологтар тарапынан 15 түрлі қызмет көрсетіледі. Зейнеткерлер мұнда вокал және хормен ән айту, би, арттерапия, аквааэробика, цигун қытай гимнастикасы, йога, скандинавиялық серуендеу, кескіндеме, айкун, тайчи, шахмат, тоғызқұмалақ, сәндік-қолданбалы өнермен айналы­сып, психолог пен заңгердің жеке кеңесін, есте сақтау қабілетін нығайту сынды тегін сабақтар алады. Сондай-ақ ІТ-сауаттылығын арттырып, компью­терде жұмыс істеуді, шет тілі мен кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Осы орайда күніне 200 адамға дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, ұзақ өмір сүрудің ешқандай құпиясы жоқ, адамдар күн сайын дене шынықтырумен шұғылданып, көтеріңкі көңіл-күйде жүрсе болғаны. Ұзақ өмір сүру үшін әрқашан белсенді болып, пайдалы іспен айналысу қажет екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан белсенді болыңыздар, көңілді жүріңіздер, ардақты ата-әжелер, – деп түйіндеді сөзін ол.
    Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов, Талғар ауданының Құрметті азаматы, бірнеше жыл бұрын Белсенді ұзақ өмір клубын құрған ардагер Жұмағали Кебекбаев та жиналған жұртты құттықтап, мемле­кетіміздің аға ұрпаққа жасап жатқан қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Шараның соңы Жамбыл ауданынан келген «Вокал» және жергілікті «Әжелер шуағы» ансамбльдерінің мерекелік концертіне ұласты.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ұстаз ұлағаты – ұрпаққа өнеге

    Ұстаз ұлағаты – ұрпаққа өнеге

    1 month ago
    Туған жерін түлеткен

    Туған жерін түлеткен

    5 months ago
    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    10 months ago
    Ұлттық аспапты ұлықтаған

    Ұлттық аспапты ұлықтаған

    11 months ago
    Көшесі бар абыздың

    Көшесі бар абыздың

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.