-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    31.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Өңірдің өз телеарнасы бар
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Qonaev TV» телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры Қымбат Хангелдина мен серіктестіктің бас продюсері Қымбат Досжан облыстық телеарнаның ашылатыны туралы мәлім етті. Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов қатысты.

    Басқосуда облыс бөлініп, өңір орталығы Қонаевқа көшірілгелі бергі шешімін таппай келген төл телеарнаның ашылып жатқаны, оның таратылуының жай-жапсары, құрылымдық мәселелері турасында әңгіме қозғалып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.
    Серіктестіктің басшысы Қымбат Хангелдина компания кеңсесінің әзірге Алматы қаласында орналасқанын, ғимарат мәселесі шешілген бойда облыс орталығына көшіп келетіндерін хабарлады. Сондай-ақ тілшілер қосынының да өз қызметін техникалық-коммуникативтік себептерге байланысты әзірше мегаполистен жүзеге асыратынын мәлімдеді. Өңірлік хабар таратудың сынақтық-тестілік нұсқасы мамыр айында іске қосылса, толықтай, бар қуатымен хабар таратуды қыркүйек айынан бастайтынын да байыппен жеткізді. Бұған қоса, қазіргі таңда журналистер мен техникалық қызметкерлерді іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар телеарна хабарларының қандай платформалардан таратылатынына тоқталып, оның тек цифрлық эфирлік хабар тарату арқылы ғана емес, кабельдік және онлайн-сервистер арқылы да қолжетімді болатынын айтты.
    Бас продюсер Қымбат Досжан өз кезегінде 12 сағаттық эфир барысында жаңалықтар, балаларға, жастарға, өңірдің белгілі тұлғаларына арналған бағдарламалар қамтылатынын атап өтті. Қоғамдағы өзекті мәселелер де тыс қалмайтынын айтып, қандай да бір істі ілгері жылжыту мақсатында сынға да кезек берілетінін жеткізді.
    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әзілжанұлы өңірлік телеарна кеңсесінің құрылысына және қызметкерлердің баспанамен қамтамасыз етілуіне қатысты қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

    Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

    4 months ago
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    Exit poll: дауыс бергендердің 69,8 пайызы АЭС салуды қолдаған

    8 months ago
    Мерейлі мереке

    Мерейлі мереке

    8 months ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Еріктілер аллеясы ашылды

    1 year ago
    Кітап – ең құнды сыйлық

    Кітап – ең құнды сыйлық

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.