-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ОРТАҚ ТАРИХ

    04.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    ОРТАҚ ТАРИХ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Отызыншы жылдардың зұлматынан кейін Қазақстан Кеңес билігінің шешімі бойынша саяси себептермен қоныс аударған көптеген халықты қабылдады. Кеңес аумағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтың, саяси қуғын-сүргіннің зарбадын тартты.

    Кеңес жылдарында тұтас бір халыққа негізсіз айыптар тағылып, тарихи атамекенінен көшуіне тура келді. Бұл әрекет 1920-1950 жылдар аралығын қамтып, сталиндік куғын-сүргіннің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Жалпы, КСРО-да көшкен ұлттардың саны үш миллион адамнан асқан.
    Қазақстанға Еділ бойынан, Мәскеу облысынан, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. 1936 жылы КСРО құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды және қазақ жеріне 1935-1936 жылдары депортацияға ұшырағандар қатарында алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың алғашқылары 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін жалғасты. Жапон шпионы деп жала жабылған корейліктерді қазақ халқы құшағын жая қарсы алып, қолдан келген көмектерін көрсетті. 70 корей ұжымшары Қазақстанның 8 облысына – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан облысына орналастырылды. КСРО-ның ұлт саясатындағы қуғын-сүргініне Иран халқы да ілікті. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзербайжан аумағынан Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. 1944 жылы қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және басқа халықтар атажұртынан көшуге мәжбүр болды. Көп жағдайда жаппай депортациялау өте қиын жағдайда өтті. Қазақстанның жергілікті билігі көптеген адамды қабылдауға және қоныстандыруға дайын емес еді. Қиын жағдайға қарамастан пейілі кең қазақ елі бір нанды бөлісіп жеді, қиналғандарды бөліп-жармай, қолдау көрсетті. Осылайша, Қазақстан көп ұлтты бауырына басқан бірегей мемлекетке айналды.
    Алматы облысының мемлекеттік архивінде сақталған құжаттардан көшкен, қоныс аударған небір қиын тағдырды көруге болады. Мәселен, № 685 қордың 4-тізімдемесінде, №196 істе жер аударылып келген корейліктерге үй құрылысы бойынша материал қажеттігі, құрылысты шұғыл бастамаса корей халқы баспанасыз қалуы мүмкін екендігі жазылған. Осы шағым бойынша жұмысты қадағалау аудандық атқарушы мекеме мен жер қатынастары бөліміне тапсырылып, 15 тамызға дейін құрылыс жұмыстарын бітіру міндеттелген. Осы қордың №195 ісінде 1938 жылы 27 қарашада Қордай ауданына Ираннан Пішкек стансасына 301 отбасы, 1220 адам келіп түскені жайлы көрсетілген. Осындай мәліметтер мемлекеттік архивте көп кездеседі. Біз мұнда тек архив құжаттарының бір бөлігінен ғана сыр шерттік. Ал XX ғасырдағы адам баласына жасалған зорлық-зомбылықтан қаншама тағдырлар зардап шеккені жайлы құжаттар өз алдына зерттеу жүргізуді қажет етеді. Кеңес өкіметінің қитұрқы саясатынан әбден жапа шеккен халықтар тек 50-жылдардың ортасынан бастап құқықтары қайта қалпына келтіріліп, бірқатар этнос өкілдері тарихи Отанына қайтуға мүмкіндік алды.

    Құралай БИҒАШЕВА,
    «Алматы облысының мемлекеттік архиві»
    КММ қойма меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қазақстанда 80 су арнасы жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артты

    3 months ago
    Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық ашылды

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық ашылды

    2 years ago
    Бірлік пен келісім – ел дамуының негізі

    Бірлік пен келісім – ел дамуының негізі

    2 weeks ago
    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    2 years ago

    Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.