-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ӨТЕГЕННІҢ ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ ТОЙ

    24.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    ӨТЕГЕННІҢ ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ ТОЙ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Іле ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің онкүндігі игі істермен жалғасын табуда. Өтеген батыр ауылындағы орталық арбатта «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» мерекесі кең көлемде атап өтілді.

    Думанды шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы ат басын бұрды. Арбаттағы мерекені облыс басшысы тұсау кесу салтымен бастады. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мақсат Седалиев атамыз бүлдіршінге ақ батасын берді. Тұсауын кескен балақайдың есімі Қуаныш Құнанбай, ата-анасы жас отбасы отағасы Жанат Тазабеков, анасы Лия Талғатқызы Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектептің ұстаздары екен. Алғашқы қуаныштарының тұсауын ел ағаларына кестіруге ырымдап, дайындапты. Болашақта ел тұтқасын ұстар алаштың азулы азаматтарының бірі болсын, дейді жас ата-ана. Одан кейін құрметті қонақтар аудандық дербес бөлімдер, ауыл әкімдіктері мен мемлекеттік мекемелердің тіккен шатырларын аралап, ұлттық тағамдардан дәм татып, бата берді. Аралау барысында аудан тұрғындарына арнап жайылған ақ дастарханға барып, мерекемен құттықтады.

    Сондай-ақ, әр шатырда қазақы салт-дәстүрге тән тұсау кесер, қыз ұзату, ұршық иіру, жүн түту секілді ғұрыптарды тамашалап, қол өнер, сурет сынды көрмелермен танысты.

    Арбаттағы қаздай қатар тігілген шатырларды аралап болған соң облыс әкімі мен аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов орталық стадиондағы наурыз мерекесіне ұйымдастырылған театрландырылған сахнада қалың жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады.

    – Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Халқымыз үшін Наурыздың орны ерекше. Наурыз – жанға шуақ, жүрекке жылулық сыйлайтын мереке. Наурыз – жылдың басы ғана емес, жаңару мен жаңғырудың айқын белгісі. Ауданымыз жылдан жылға қарыштап дамып келеді. Биыл ауданымызда Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойы да кең көлемде тойланады. Мұндағы игі істердің бәрі аудан халықының ауызбіршілігімен жүзеге асуда. Қазақ халқының қастерлі мерекесі тағы да құтты болсын. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын – деді.

    Сондан кейін орталық стадион төріндегі айрықша мерекеде концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Мерекеде Наурыз, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар дәріптелетін әндер шырқалды. Ауданға, облыс және республикаға танымал әншілер өнер көрсетті. Киіз үйлер тігіліп, қонақтарға есігін айқара ашты.

    Күндізгі сағат 10.00-де салтанатты түрде бастау алған мерекелік шара біршама уақыт жалғасып, концерттік бағдарламалар мен театрландырылған көріністер, ұлттық спорт ойындарынан, соның ішінде қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту, асық ату, сынды сайыстар өткізілді.

    Бағдат ШОЙБАС,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    1 year ago
    Жаңа спорт кешені ашылды

    Жаңа спорт кешені ашылды

    6 months ago
    Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

    Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

    2 years ago
    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    1 month ago
    Сахна суреткері

    Сахна суреткері

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>