-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихты түлеткен тұлға

    29.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тарихты түлеткен тұлға
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Қазақ ұлттық қыздар педаго­гикалық университеті мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты­ның ұйымдас­тыруымен академик Кеңес Нұрпейістің 90 жылдығына орай «Нұрпейіс оқулары» аясында «Тарихи жад және ұлттық біре­гей­лік» атты халықаралық ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға таны­мал ғалымдар, жоғары оқу орында­рының оқытушы-профес­сорлар құрамы, мектеп мұғалім­дері, докторанттар мен магистрант­тар қатысты.

    Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас дирек­торы, ҚР Ұлттық ғылым академия­сының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов конференцияны ашып, өзінің лебізін жеткізгеннен кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және академик Мұрат Жұрынұлының құттықтауын жеткізді. Осыдан кейін конференция қонақтарының назарына академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен қызметі жайында әзірленген фотошежіре ұсынылды. Мұнда даңқты тұлғаның туған жері, 1942 жылы әкесінің тұтқындалғаннан кейінгі балалар үйінде өткен кезеңі, ғылым жолындағы соқтықпалы-соқпақты өмір жолы толықтай баяндалды.
    Дәстүр бойынша, мерейтойлық шараның салтанатты бөлімінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Жұмағұлов, Ресей ғылым акаде­миясына қарасты Тарих ғылыми инс­титуты Сібір бөлімшесінің директоры Вадим Рынков, онлайн қатысқан Түркиядағы Селжүк университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мұстафа Демиржи, ҚР Ұлттық академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжановтар академиктің ерен еңбегін кеңінен әңгімеледі.
    Алқалы жиын барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты әзірлеп жатқан «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық» атты жеті томдық жинақтың алғашқы екі томының тұсаукесер рәсімі өтті. Сонымен қатар Кеңес ағаның інісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Талдыбек Нұрпейісов жас ғалымдар мен студенттерге Кеңес Нұрпейіс атындағы стипендия табыс етті.
    Конференцияның екінші бөлімінде тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Мәмбет Қойгелді «Алаш идеясына бүгінгі көзқарас», Ресей ҒА-ның бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова «Алаш тарихын зерттеудегі кейбір мәселелер», ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі, тарих ғылым­дарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан универ­ситетінің профессоры Тұяқбай Рысбеков «Кісілігі мол кесек тұлға», тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, Қазақ білім академиясының академигі Бүркітбай Аяған «Ұстазым Кеңес аға туралы», тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Қайдар Алдажұманов «Академик К.Нұрпейіспен бірге жұмыс істеген жылдар», саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Сайын Борбасов «Қазақстан қайта құру кезеңінде», тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Кәрібаев «Академик Кеңес Нұрпейісұлы өмірінің жарқын беттері мен беймәлім тұстары», тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті Ердәулет Берлібаев «Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлі және К.Нұрпейістің ғылыми мұрасы» тақырыптарында баяндама жасап, ғалымның сан қырын жан-жақты баяндады.
    Жиын барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары Айжан Қапаева, Константин Черепанов, Нұрсұлу Дүйсеновалар сөз алып, ғалымның тұлғалық болмысы жайында жүрек тебірентер сөздерін жолдады.
    Конференция соңында кеңестану саласына ерекше үлес қосып жүр­ген ғалымдар Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мерейтойлық төсбелгімен марапатталып, арнайы қарар қабыл­данды. Алдағы уақытта жасалған баян­да­малардың басын біріктіріп, жаңа жинақ шығару жұмысы қолға алынады.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Ұсынымдар

    Республикалық «Нарынқол-Кеген» күре жолы жөнделеді

    Республикалық «Нарынқол-Кеген» күре жолы жөнделеді

    4 months ago
    “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 3,8 млрд теңгеге 418 өтініш мақұлданды

    “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 3,8 млрд теңгеге 418 өтініш мақұлданды

    2 years ago
    Ғасыр шежіресі. Шалкөде мектебінің 100 жылдық мерейтойы қалай өтті?

    Ғасыр шежіресі. Шалкөде мектебінің 100 жылдық мерейтойы қалай өтті?

    2 years ago
    Теңгенің 30 жылдығында қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

    Теңгенің 30 жылдығында қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

    2 years ago
    Төтенше жағдай төнбесін

    Төтенше жағдай төнбесін

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.