-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үкіметте көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

    04.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет
    Үкіметте көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс кеңесін өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

    Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, осы жылдың ақпан айында ӘМАТ бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған. Сонымен қатар бес тауар түрі: күріш (-2,9%), жұмыртқа (-1,4%), ұн (-0,8%), макарон өнімі (-0,4%) және қарақұмық (-0,2%) бойынша баға төмендеді. Жыл басынан бері көкөніске бағаның маусымдық өсуі байқалуда.

     

    Өңірлерде қордағы өнімдерді сату жұмысы жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады.

     

    «Жүргізілген түгендеулерден кейін қоймалардағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз – 16 мың тоннаны, пияз – 14,6 мың тоннаны, қырыққабат – 14,1 мың тоннаны құрап отыр», — деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков.

     

    Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, бұл қорларды сату жұмыстары жалғасуда.

     

    Вице-премьер нарыққа өнімдерді аз жеткізген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тиімсіз реттейтін өңірлердің жұмысын сынға алды. Атап айтқанда, елорданың ірі сауда желілерінің бірінде ақпан айында картоп жеткізу кешіктірілгені байқалды, осыған байланысты Сауда комитеті мен «ҚТЖ Экспресс» АҚ көмегімен аталған көкөністі жедел жеткізу жұмысы ұйымдастырылды. Серік Жұманғарин басқа өңірлерде мұндай жағдайлардың алдын алу үшін картоп және әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар қорына тексеріс жүргізуді тапсырды.

     

    Тұрақтандыру қорларындағы өнімді сату, маусымаралық кезеңнің басталуына байланысты жекелеген аймақтарда импортталған картопты жеткізу басталды. Сонымен қатар аумақтық сауда департаменттері ӘМАТ-қа сауда үстемесін бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері және 27 ақпандағы жағдай бойынша 842 сауда нысаны сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 38 медицина мекемесі салынады

    Алматы облысында 38 медицина мекемесі салынады

    5 months ago
    Су басу қаупін сейілтті

    Су басу қаупін сейілтті

    4 months ago
    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    4 months ago
    Алтын қолды дәрігер

    Алтын қолды дәрігер

    6 months ago
    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>