-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық жоба: Табиғи монополия субъектілері коммуналдық желілерді жаңартады

    27.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Энергетика
    Ұлттық жоба: Табиғи монополия субъектілері коммуналдық желілерді жаңартады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске қосқан еді. Аталмыш бағдарламаның инвестиция көлемі – 13 588 млрд.теңге. Алматы облысына 442,1 млрд.теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

    Ұлттық жобаның негізгі мақсаты – апаттылық пен тозу деңгейін төмендету, коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру, энергетикалық және коммуналдық секторлардың қолданыстағы активтерін жаңарту.

    «Тозығы жеткен коммуналдық желілер ұлттық жоба негізінде қайта жөндеуден өтеді. Алайда, ол табиғи монополия субъектілері арқылы ғана жүзеге асырылатын болады», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Утегенова.

    Демек, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен электр беру желілері бойынша қызмет көрсететін компаниялар ұлттық жобаның іске асуына тікелей үлес қосады.

    Мәселен, облыс аумағында жарық беретін «Алатау Жарық» АҚ компаниясы 1 527 шақырым электр желісін жаңартуды көздеп отыр. Бұл жоспар жоба аясында орын алады. Бұдан бөлек, 262 шақырым су құбыры желілері де жаңармақ, оған жалпы сомасы 37 264,0 млн.теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, 18 млн. теңгенің үсітндегі қаржыға 132 шақырым кәріз желілері жасалынады деп күтілуде.

    «Алматы облысында 30-дан астам табиғи монополия субъектілері бар. Алайда олардың көпшілігінде тиісті сараптамалық қорытындыларымен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама жоқ, бұл Ұлттық жобаға жедел қатысуға мүмкіндікті бермей тұр»,-дейді Алматы облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Ержан Әділет.

    Жалпы, Ұлттық жоба шеңберінде 20 км жылу желілерін реконструкциялау көзделген. Қазіргі таңда ұлттық жобаға енгізу үшін Қонаев қаласында жылыту желілерін қайта құру бойынша жалпы ұзындығы 5 км құрайтын 3 жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Құжат дайын болғаннан кейін бюджеттік өтінімдер техникалық операторға және қаржылық мекемелерге тапсырылады.

    Жауаптылардың айтуынша, табиғи монополия субъектілері жоба шеңберінде желілерді жаңартады, ол үшін қосымша қаржыландырылады. Алған қаражатты уақытында қайтару мақсатында коммуналдық қызметтердің тариф бағасы кезең кезеңімен өсетін болады.

    Ұсынымдар

    Жаңа бекет ашылды

    Жаңа бекет ашылды

    10 months ago
    Кім жауапты?

    Кім жауапты?

    1 year ago
    Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар – Тоқаев

    Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар – Тоқаев

    8 months ago
    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    2 years ago
    Білекті де білікті

    Білекті де білікті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.