-13 °c
Qonaev
Monday, August 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    20.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Ұлыс күні үлгі көрсетілді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы күн мен түн теңелетін мезгіл. Табиғат түлейтін уақыт. Көпшілік ауыл-аймақты тазартып жатыр. Наурызнаманың онкүндігінің ішінде “Жаңару күні”, “Тазару күні” атап өтіледі. Бүгін “ЖАСҰО” РМК Алматы облыстық филиалының мамандары Алматы-Қаскелең жолының бойын қоқыстан тазартты. Филиал қызметкерлері 1 тоннаға жуық қоқыс жинады. Бұл тазалық науқаны ғана емес, жол пайдаланушыларына, жүргіншілерге үлгі.

    Мемлекет басшысы Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда: “Төл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны бөлек. Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді” деген еді.

    Филиал директоры Ерболат Көштаев: “Наурыздың онкүндігінде Алматы облыстық филиалы Жаңару күнін таңдап, күре жолдардың бойына сенбілік ұйымдастырдық. Жол бойын тазалауымыздың себебі жүргізушілер терезеден қоқыс лақтырмаса деген ниет. Себебі елдің тазалығы, дамуы қарапайым ғана әрекеттен басталады. Әсіресе қоқыс тастау мәдениетін ескерсе жөн болар еді. Екіншіден бізде жолды күтіп ұстау деген бар. Бұл жол сапасына да әсер етеді деуге болады.” – деді.

    Айта кету керек жол сапасына көңіл бөлу және жақсарту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы алты жылда республикалық маңызы бар автожолдардың 4,4 мың шақырымы жаңартылды. Бұл жұмыстар Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахань және басқа да маңызды көлік дәліздерін қамтыды.

    2024 жылы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары бұрын-соңды болмаған 12 мың шақырым магистральді қамтыды, оның ішінде 8 мың шақырымы республикалық, ал 4 мың шақырымы жергілікті жолдар болды.

    Сонымен қатар, осы кезеңде жол бойындағы қызмет көрсету саласында шамамен 250 жаңа нысан салынды. Ұлттық стандарттарға сәйкес келетін қызмет көрсету нысандарының үлесі 52%-дан 90%-ға дейін өсті.

    Ұсынымдар

    2024 жылы Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті

    2024 жылы Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті

    7 months ago
    Инвестиция игілігі

    Инвестиция игілігі

    1 year ago
    Азия ойындарында үшінші алтын медаль жеңіп алды

    Азия ойындарында үшінші алтын медаль жеңіп алды

    2 years ago
    Ұйғыр ауданына «Жәрдем» медициналық пойызы келді

    Ұйғыр ауданына «Жәрдем» медициналық пойызы келді

    2 years ago
    Қауіпсіздік – басты назарда

    Қауіпсіздік – басты назарда

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>