-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздік нәтиже көрсетті

    31.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Үздік нәтиже көрсетті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ҰБТ-ның наурыз айындағы сынағында ең жоғары 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінің оқушысы Санжар Қуандықпен кездесті. Аймақ басшысы дарынды түлектің жетістігін жоғары бағалап, жалынды жасқа жарқын болашақ тіледі.

    Облыстық білім басқармасы­ның басшысы Салтанат Беспаева, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің башысы Арайлым Төлеубекова мен Толқын орта мек­тебінің бірқатар ұстазы қатыс­қан жүздесуде аймақ басшысы дарынды шәкіртті үздік жетістігімен құттықтады. Өңірдің білім беру саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Әсіресе, ауылдық жердегі мек­теп­тердің білім беру сапасы күн­нен-күнге жақсарып, өңір түлектері жыл сайынғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ел бойынша үздік нәтиже көрсетіп келе жатқанын алға тартты. Облыс басшысы өз сөзінде биыл мектеп бітіруші түлек Санжар Ғалымжанұлының үздік көрсет­кіші – сол игі дәстүрдің жалғасы екенін атап өтті.
    – Бүгінгі жетістігің біз үшін зор мақтаныш. Бұл – білімге деген үлкен қызығушылығың мен табан­ды­лығыңның айғағы. Сенің бола­шағың жарқын. Алда талай биікті бағындырып, еліміздің дамуына өз үлесіңді қосатыныңа сенемін. Әрине, бұл тұста ата-анаңның қолдауын ерекше атап өткім келеді. Олардың берген тәрбиесі сенің биік мақсаттарға ұмтылуыңа түрткі болды. Ұстаздар қауымына да алғыс білдіргім келеді. Жас ұрпаққа білім берудегі олардың еңбегі зор. Мемлекетіміз жастардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Бұл – ортақ еңбектің жемісі. Бүгінде облыстың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналдың. Болашағың жарқын болсын! – деді Марат Елеусізұлы.
    Білім аламанында маңдайы жар­қырап, еліміздің мақтанышына айналған Санжар Ғалымжанұлы өзінің болашақ арманымен бөлісті. Дарынды шәкірт ұстаз болғысы келетінін, осы орайда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті немесе SDU-да қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алуға бел байлап жүргенін жеткізді.
    – ҰБТ-ға дайындықты өткен жыл­дың тамыз айында бастадым. Сөйтіп, күн сайын барлық пәнді үзбей пысықтап отырдым. Кейін «Juz40» білім беру орталығында жүйелі түрде дайындалдым. Бір күнімді бос жібермей оқып, еңбектендім. Соның арқасында ең жоғары 140 ұпайды жинау мүмкін болды. «Дүние де өзі, малда өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген Абай тұжырымын бойыма тұмар тұтып келемін. Өйткені мен ұлы ойшылдың даналық сөздерінен айрықша қуат аламын.Меніңше, Абай тағылымын зерделеген жан арма­нынан адаспайды, – дейді Санжар Ғалымжанұлы.
    Санжардың анасы Жадыра Әділ­қызы да ұлының жетістігіне қуаныш­ты екенін жасырмады.
    – Санжар білімге құштар. Бірнеше мәрте республикалық және облыстық оқуларда жеңімпаз атанды. Ол өзінің өмірлік мұраты үшін өрге жүзіп келеді. Балалардың жандүниесіне үңіліп, оларға қолдау көрсету маңызды. Ата-ана ретінде біз онымен көп сырласып, тап болған мәселелерді бірге шешуге күш салып келеміз. Ол бүгін шыны­мен алға қадам басты. Десе де, болашақ­та талай биік белесті бағындыруға сенімді, – деді ол.
    Кездесу соңында облыс әкімі да­рынды шәкіртке 500 мың теңгенің сертификатын, ал анасы мен ұстаз­дарына Алғыс хат табыстады.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    2 years ago
    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    2 weeks ago
    Алғыс арқалады

    Алғыс арқалады

    5 months ago
    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    10 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Инвестиция тартуда алдыңғы қатарда

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.