-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымаққа бастайды

    20.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Ынтымаққа бастайды

    Фото: centralasia.news

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Наурыз – табиғат әлемінің жаңғырып, жаңа жылдың, молшылық пен берекенің бастауы болып келетін, адам жанына нұр болып төгілетін, бес мың жылдық тарихы бар айтулы мереке. Тамыры тереңге бойлаған Наурыз көне замандардан бері сақталған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, ұлттық болмыстың бояуын айқындайтын мәнді де маңызды мейрам. Бұл тек қазақ халқы емес, барша түркі халықтарына ортақ айтулы думан. Солардың бірі – түрікмен халқы. Олардың Наурыз мейрамын қалай тойлайтынын түрікмен халқының аруы Инобат Нурумовадан сұрап-білдік.

    Инобат Түрікменстанның Дошоғуз қаласында дүниеге келген. Бүгінде еліміздігі озық оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түркітану мамандығында білім алуда.

    – Қазақ және түрікмен халықтары Наурызды ерекше ықыласпен қарсы алады. Екі елдің бұл мейрамды атап өтуі өте ұқсас. Бізде оны «Новруз» деп атаймыз. Екі ел де дастарқан жайып, ұлттық киімін киіп, салт-дәстүрін дәріптейді, түрлі ойын-сауық шараларын өткізеді. Түрікмен халқы Наурыз мерекесінде «гара ой» деп аталатын киіз үйін тігіп, ән мен биді төгілтіп, ұлттық ойындардың қызығына батады. Мысалы, «гөкдари» ойыны – бұл дүбірлі ат жарысы. «Гөреш» – түрікмен күресі. «Яғлық атты» ойынында жас жігіттер аруларға арнап ән шырқайды, олардың өнеріне тәнті болған сұлулар орамалдарын сыйға тартады. «Яғлыға товусмақ»-та  ат үстіндегі ойыншылар бір-бірінің қолындағы орамалды тартып алуға тырысады. Бұлардың барлығы түрікмен халқының көшпелі тұрмысымен, жауынгерлік дағдысымен астасып жатады және батылдық пен ептілікке тәрбиелейді. Қазақ халқы жеті түрлі дәмнен наурызкөже дайындаса, біздің елде семени әзірлейді. Бұл тағам көктемнің, жаңару мен молшылықтың символы саналады, – дейді ол.

    Семени бидай дәнінен жасалады. Оны әзірлеу бірнеше күнге созылады және ерекше дайындықты талап етеді. Алдымен бидай дәнін бірнеше күн бойы суға салып, көгеріп, жасыл өскіндер шыққанша күтеді. Өскіндер жетілген соң, оларды езгілеп, шырынын сығып алады. Алынған сұйықтықты ұнмен араластырып, баяу отта ұзақ уақыт бойы үздіксіз араластыра отырып қайнатады. Кейде оған жаңғақ, бал немесе кептірілген жемістер қосылады. Сондай-ақ бұл тек ас емес, рухани мәні терең дәстүрлі рәсімнің бір бөлігі саналады. Семени жасалған күні ата-баба рухтары келеді деген сенім бар. Бұл өткенді еске алып, ата-баба рухына құрмет көрсетудің белгісі.

    – Әр халықтың Наурызды атап өтуде түрлі ерекшеліктері болғанымен, барлық елде Наурыз көктемнің жылы лебімен келіп, адам жанына рухани нәр сыйлайтын ғажайып мереке. Тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, рухани тазару, мейірімділік пен ізгіліктің, жақсылық пен берекенің бастауы, – дейді кейіпкеріміз.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Елдімекен атаулары өзгерді

    Елдімекен атаулары өзгерді

    1 year ago
    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    8 months ago
    2024 жылғы су тасқыны: әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

    2024 жылғы су тасқыны: әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

    5 months ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    7 months ago
    Қарттарға қуаныш сыйлайды

    Қарттарға қуаныш сыйлайды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>