-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жақсылық жасаудан жалықпаған

    20.03.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Наурыз – жаңару мен ізгілік мерекесі. Табиғатты ғана түрлендірмей, адамзат жүрегін жылылыққа бөлейді. Сондықтан «Наурызнаманың» бір күні қайырымдылыққа арналғаны тегін емес. Мейірімділік пен ізгілікті паш ететін мерекеде жомарт жүрек кәсіпкер Нұрлан Түймелиев жайлы сөз қозғағанды жөн көрдік.

    Қайырымдылық қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсетіп қана қоймай, адамдар арасында өзара түсіністік пен сенім орнатуға ықпал етеді. Мұқтаж жандарға көмектесу арқылы адам өзін рухани тұрғыдан байытып, ішкі әлемін тазартады. Сонымен қатар қайырымдылық – тек материалдық көмектен ғана тұрмайды. Ол қамқорлық, жанашырлық, жылы сөз, уақыт бөлу сияқты қарапайым, бірақ аса маңызды істерден де көрінеді. Кейбір жандар тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек үлестірсе, енді бірі білім беру мен денсаулық сақтау саласына қаржылай қолдау көрсетеді. Ал кейбірі ерікті болып, қарттар мен жетім балаларға қол ұшын беріп, уақыты мен күшін жұмсайды. Нағыз қайырымдылық – шынайы ниетпен жасалған іс.

    Міне, осындай ерекше тәмсілді ұстанатын белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Нұрлан Ілесұлының ізгілікті насихаттаудағы игі істері жетерлік. Ол өзінің қайырымдылық жолындағы бұлжымас қағидасымен өңір тұрғындарының құрметіне бөленіп, көптеген мерейлі бастаманың ұйытқысы болып келеді. Жылы жүрегімен жұртшылыққа жомарттық танытқан жақсы амалдарын жіпке тізсек, жетіп артылады.

    Тек пайда табуды ғана емес, қоғамға игі ықпал етуді мақсат еткен кәсіпкер 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Ленгер ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Іле ауданының Өтеген батыр ауылында тұрады және жергілікті қауымдастықтың дамуына белсенді түрде атсалысуда. Ел экономикасының өрлеуіне ерекше серпін беріп, қазыналы қарттарды қадірлеп, жастардың болашағына жарық бағдар көрсетуде. Адам жанының рухани кемелдігін көтеріп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге де үлкен үлес қосуда. Нұрлан Түймелиевтің Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ақын және ауданның белсенді азаматы Бағдат Қашқынбаеваға жаңа үй салып бергенін жұрт әлі күнге мақтанышпен қуана жеткізеді.  Бұл баспана кәсіпкердің тұрмысы төмен жерлестеріне көрсеткен көмегінің бір парасы ғана. Бағдат Қашқынбаева бұрынғы ескі үйінде ширек ғасыр тұрып, жаңа баспанаға ие болғанда жанына ерекше қуаныш сыйлаған жанға алғаусыз алғысын айтады. Сонымен қатар кәсіпкер жыл сайын қайырымдылық шараларын жүйелі ұйымдастырып, ауылдағы олқылықтардың ойсыраған орнын толтырып,  тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созудан жалықпаған.

    Жыл сайын өзіне тиесілі «Гүлдер» мейрамханасында «Мейірім» мүгедектер қоғамы мүшелеріне арнап қайырымдылық ас беруді бұлжымас дәстүрге айналдырған. Бұл шарада мүмкіндігі шектеулі жандарға түрлі сыйлықтар табысталып, олардың қуаныштары еселей түседі. Аймақтағы ардагерлердің қабағын бағып, басқа қалаларға саяхат жасатып, түрлі спорттық шараларға демеушілік жасап, үнемі жүлде қорын өз қаражатынан тігіп беретіні де өңір дамуына қосқан өлшеусіз үлесі. Жеке қаржысынан футбол клубын ашып жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолдау көрсетіп, болашақ футбол шеберлерін дайындап шығаруға қосқан шарапаты да көңіл шаттандырады. Нұрлан Ілесұлының осындай қоғамға сіңірген еңбегі де елеусіз қалмай, жоғары бағаланып «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері атанып, алтын мүсінмен марапатталған.

    Кәсіпкердің игі істері көпке үлгі болып, қайырымдылық мәдениетінің дамуына ықпал етуде. Қайырымдылық – тек қол ұшын созу емес, ізгілікті насихаттау екенін танытып жүрген жомарт жан бүгін бір адамға көмек беру ертеңгі күнді нұрлы етерін дәлелдеп келеді.

    Құралбек СӘБИТОВ,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады

    Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады

    2 months ago
    Еңбек түбі – береке

    Еңбек түбі – береке

    7 months ago
    Мемлекет шығынды түгел өтейді – Президент су тасқыны зардаптары жайында

    Мемлекет шығынды түгел өтейді – Президент су тасқыны зардаптары жайында

    1 year ago
    Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

    Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

    9 months ago
    Жеткіншектер жеңіске таласты

    Жеткіншектер жеңіске таласты

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.