⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас көшет – көше көркі

    28.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жас көшет – көше көркі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          «Таза Қазақстан» акциясына өңір кәсіпкерлері белсенді түрде атсалысуда. Оған облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармалары ұйытқы болып отыр. Бұл іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы да өз үлесін қосуда.

    Шараның басы-қасында жүрген облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Райымбек Емберді акция туралы былайша мәлімет берді:
    – Облысымыздың кәсіпкерлері мен 16 кәсіпорын қызметкерлері бұл іске атсалысуда. Акция аясында 1200 түп ағаш отырғызылып, 50 тонна қоқыс шығарылмақ. Облыстың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бұл іс 27 мамырға дейін жалғасын табады. Отырғызылған ағаштар қатарында қайың, терек, арша және жеміс ағаштары бар. Дәл бүгінгі шара барысында 30 түп ағаш отырғызылды. Мұндағы жұмысқа «Юнипак-Шымкент» ЖШС-ның 18 қызметкері тартылды. Ал «ПепсиКо» ЖШС қазіргі таңға дейін Алатау қаласында 870 түп ағаш отырғызды. Облыстың барлық ауданына көшеттер жеткізілді. Акция аясында ағаш отырғызудан бөлек, тазалық жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлік нысандары әр сенбі сайын өз аумақтарын тазалауда.
    Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Назерке Ермекқызы да акция турасында мағлұмат берді.
    – Біздің мекеме мұндай шарадан тыс қалмайды. Өткен жылы да акцияға белсенді қатысқанбыз. Негізінде кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап қана қоймай, қажет болған жағдайда көмек қолын созып отырады. Біз бүгін 50-ден астам шырша мен арша көшеттерін отырғызбақшымыз, – деді ол.
    Ағаш отырғызу – жасыл әрі таза орта қалыптастырудың алғышарты. Бұл шара жергілікті тұрғындардың экологиялық сана-сезімін қалыптастырып, жасыл-желекпен қоршалған қалаға деген сүйіспеншілігін арттырады деген сенім мол.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    ЕРДІҢ ДАҢҚЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ

    ЕРДІҢ ДАҢҚЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ

    4 months ago
    ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапарлап келді

    ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапарлап келді

    1 year ago
    Бір мезетте екі орталық ашылды

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    7 months ago
    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    1 year ago
    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>