-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеңіске деген жігер

    31.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жеңіске деген жігер
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде тұңғыш рет әйелдер арасында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Турнирге еліміздің төрт аймағынан тірек-қимыл аппараты бұзылған 16 жастан асқан 40-тан астам спортшы қатысты. Салтанатты шарада мұндай жарыстар ерекше қажеттілігі бар адамдардың қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды алаң екені аталып өтті.

    «Елімізде параволейболдың дамып келе жатқанына 30 жылға жуықтады. Әсіресе, соңғы 10 жылда ерекше қарқын алды. 2018 жылы «Қазақстан параволейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. 2020 жылы мемлекеттік аккредитациядан өтті. Қазіргі таңда республика бойынша 12 филиалы бар.  2022 жылы халықаралық World ParaVolley федерациясына мүше болды. Былтыр ерлер құрамасы Паралимпиада ойындарына жолдама алып қана қоймай, Париж төрінде сәтті ойын көрсете білді. Біздің команда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 78 команда арасында 5-орын алды. Ал әйелдер волейболы елімізде енді ғана өз жолын бастады. Тұңғыш рет өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогі паралимпиадалық спортты дамытуға серпін береді деп ойлаймын. Бұл жарыстан ұлттық құрама тізіміне енетін үздік ойыншылар анықталады», – деді Қазақстан параволейбол федерациясының вице-президенті, параволейболдан ҚР ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов.

    Волейболды отырып ойнау ережелері мүгедек жандардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған. Әр командада алты адам ойнайды. Мұнда тор қалыпты стандарттан төменірек орналасқан. Алаңның өлшемі – 10х6 метр.

    «Ешқашан берілмеңіз, болашаққа сеніммен қараңыз және өмірді қандай жағдайда да жақсы көріңіз. Әрқайсымыз өз қорқынышымыз бен дертімізді жеңу арқылы спортқа келдік. Мәселен, мен бала кезімнен классикалық волейболмен айналыстым. Кейін ауыр науқастан бір аяғымнан айырылғанда қатты күйзелдім. Бірақ сонда да сүйікті спортыммен қош айтысқым келмеді. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әрбір спортшының арманы – Олимпиада шыңын бағындыру. Сол мақсатқа жету жолында бар күш-жігерімді саламын», – дейді Алматы облысы атынан қатысқан Жазира Мұқашева.

    Жарыста әрбір спортшы әдемі ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Олардың жеңіске деген жігері көременді тәнті етті. Нәтижесінде Астана қаласының командасы 1-орын алды. 2-орын Жетісу облысының өкілдеріне, ал 3-орын Алматы облысының командасына бұйырды.

    Ұсынымдар

    «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндік

    «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндік

    4 months ago
    Ерекше жандар ескерусіз қалмады

    Ерекше жандар ескерусіз қалмады

    8 months ago
    Дән егілді

    Дән егілді

    1 month ago
    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    2 days ago
    Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

    Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>