-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жұлдыздар сөйлегенде

    21.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Алматы облысында Наурыз мерекесі биыл қалай атап өтіледі?

    Фото: E-history.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Бүгіндері шығыс халықтарында 22 наурыз жаңа жыл ретінде тойланып келе жатқанына 5 мың жыл болды деген дерек бар. Осы жерде ғылым-білімі бүгінгідей дамымаған ежелгі заманда күн мен түннің теңелуін қалай анықтаған деген сұрақ туындайды. Бұл жерде ең алдымен байырғы адамдардың табиғатпен етене болып, аспан әлеміне аса зер салғанын айта кету керек.

    Жұлдыздарға қарап жол тауып, сол арқылы тіршілікті жоспарлағанын білеміз. Мысалы, Жетіқарақшы шоғырының орналасуына қарай көктемнің келуін, жаздың шығуын, былайша айтқанда жылдың төрт мезгілін қапысыз анықтап отырған.  Оны бір жыл ішінде Жетіқарақшының Темірқазықты айналып шығу жолынан, орналасуынан аңғаруға болады. Сол сияқты Шолпан жұлдызының тууынан таңнын атуын, Үркерге қарап жолдың бағытын бағдарлаған.

    Жалпы адамзат баласының жұлдыз санауына келер болсақ, бүгінгідей күнтізбе болмағандықтан, ол міндетті аспан денелері атқарып келгені рас. Қазіргі астрологтар жалған ғылымға айналдырып, адамдардың тағдырын айқындап жүрген 12 шоқжұлдыз шын мәнінде  бар екені белгілі. Ол шоқжұлдыздар  өздерінің ең биік нүктесінен өтіп шығады. Әр жұлдыздың жүріп өтер жолы тура бір айға теңеседі.  Мысалы, Тоқты шоқжұлдызы өткеннен кейін Торпақтың жолы, одан кейін Суқұйғыш дегендей, жалғаса береді. Жер күнді тура 365 немесе 366 күнде айналмайтыны белгілі. Бұл процес 365 күн 6 сағатқа созылады.  Төрт жылда  6 сағаттан бір күнге толтырып, ақпан айына 29-шы күн ретінде қосып отыратынымыз сондықтан.

    Айдың да жерге тигізер ықпалы өте зор. Ай өзінің тартылыс күші арқылы  жер бетіндегі мұхиттардың тоқтаусыз ағысын қалыптастырып, судың борсып кетпеуіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар алыс-жақындығынан, бізге қай келбетімен қарауынан ауа райының бұлтты, жаңбырлы немесе ашық болуын білуге болады.

    Ұлтымыздың жаңа жылды тойлаудағы салт-дәстүрлері де табиғат және тіршілік ыңғайына қарай қалыптасты деуге болады. Ендеше, ықылым замандардан бері жыл басы саналатын – Наурыз мерекесі құтты болсын! Береке-бірлігіміз арта берсін!

    Қуат Қайранбаев

    Ұсынымдар

    Арулар бәсекесі

    Арулар бәсекесі

    2 months ago
    Қала келбеті қалай өзгереді? Әкімдікте Қонаевтың дизайн-коды таныстырылды

    Қала келбеті қалай өзгереді? Әкімдікте Қонаевтың дизайн-коды таныстырылды

    2 years ago
    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    8 months ago
    Ақша қолдың кірі емес!

    Ақша қолдың кірі емес!

    2 years ago
    Тауарын экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

    Тауарын экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>