⛅
8°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылдамдық пен шеберлік

    26.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жылдамдық пен шеберлік
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Іле ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында футзалдан облыстық чемпионат өз мәресіне жетті. Жарыстың ашылу салтанатында Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығының өкілдері, балалар футболының бапкерлері сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    «Футзалдан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты көп жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Балалар алаңда бәсекеге түскенімен, өмірде жақсы достар. Олар облыстық құрама команда сапына кірсе де, бір-бірімен тез тіл табысады. Аталған чемпионат Іле ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үлкен залында халықаралық талапқа сай өтті. Мұнда бар жағдай жасалған. Біздің мақсатымыз – мектеп жасындағы балаларды командалық спортқа барынша тарту. Облыста футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл спорт түрі балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді өткізуге және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Үздік ойыншылардың ұлттық құрама команда сапында өнер көрсетуіне жол ашады», – деді жарыстың бас төрешісі Қайсар Қиса.

    Жарыс ФИФА бекіткен халықаралық футзал ережесіне сәйкес 5х5 форматында (U-15) ұйымдастырылды. Матчтар регламент бойынша 20 минуттық 2 таймнан тұрды. Чемпионатқа Алматы облысының жеті ауданынан 12 команда қатысты.

    Бес күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Жамбыл аудандық БЖСМ жеңіп алды. Екінші орынды Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі еншіледі, ал үшінші орынды Ұйғыр аудандық БЖСМ иеленді.

    Жарыс футзалды кеңінен насихаттау және жас футболшылардың шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді. Ең үздік ойыншылар Алматы облысының құрама командасына іріктеліп, биыл жазда еліміздің қалаларының бірінде өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

    Ұсынымдар

    Бірлік пен келісім идеясын алға шығарады

    Бірлік пен келісім идеясын алға шығарады

    4 weeks ago
    Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

    Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

    3 months ago
    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    Маңызды шешімдер қабылданды

    2 years ago
    Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады

    Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады

    7 months ago
    Денсаулық пен білім салаларын қолдау – мемлекет саясатының басым бағыты

    Денсаулық пен білім салаларын қолдау – мемлекет саясатының басым бағыты

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>