-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақынның «алтын шапаны»

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ақынның «алтын шапаны»
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

           Белгілі тұлғалардың ұстаған заттары мен мұраларын сақтау қай кезде де маңызды. Өн бойынан өлең құйылып тұратын қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік тұлға – Тұманбай Молдағалиев артына өшпес мұра қалдырды. Ақынның кіндік қаны тамған Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік археологиялық өлкетану музейінде көктем жыршысының тұтынған заттары көзге оттай басылады.

    Биыл «Тұма жырдың Тұманбайы» атанған көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев­тің туғанына 90 жыл. Осыған орай ақынның жары Күлтай Молдағалиева Тұманбай атамыздың шапаны, су ішетін ыдысы мен біраз кітаптарын өлкетану музейінің қорына тапсырыпты. Бұдан бұрын да ақынға қатысты бірқатар жәдігер мұнда сақталған. Оның ішінде көзілдірік пен қаламсап – музейдің сәні. Ақын осы қаламсаппен талай-талай тың дүниелерді, өміршең өлеңдерді жазып қалдырғаны белгілі.
    Жәдігерлер арасынан ақын киген алтын түстес шапанға бірден аңсарым ауды. Музей қызметкерлерінің сөзінше, жағасы мен өңіріне ою мен өрнек салынып, таза матадан тігілген шапанды ақынның 60 жылдық мерейтойында жақындары тарту етіпті. Ал Тұмағаң алтын түстес, тері сіңген шапанды саяжайда тыныққан сәттерінде жиі киеді екен. Көзі тірісінде-ақ махаббат жыршысы атанған Алаш жұртының ақиығы осы бір жағасы зерлі шапанды желбегей жамылып, Алматының талай күз бен көктемін қарсы алған болар… Құс қайтқан күрең күзде сан күрсініп:
    «Мені іздейді қазақтар мен кеткенде,
    Ішіме үңілмеді-ау жөндеп пенде…
    Парасатым баршаға ұнар мүмкін,
    Жарасатын сияқты әр көктемге», – деп оңаша бір ойға шомған да болар.
    Ертеңіме өзімді сүйікті етем,
    Мен өлместің шапанын киіп кетем, – деген ақын шынымен өшпес, өлмес мұра қалдырды. Ал сағыныштың сартабы сіңген сары шапаны туған топырағында, музейде сақтаулы тұр. Зерделеген жанға ақынның «Алтын шапанында» талай сыр жатқандай.
    – Тұманбай Молдағалиевтің мұра­лары бізге аса құнды. Мұнда келушілердің барлығы ақынның көзін­дей болған жәдігерлерге тамсана қарайды. Тіпті, кей адамдар еріксізден ақын өлеңдерін жатқа оқып, оның сөзіне жазылған әндерді шырқай жөнеледі. Оны тек біздің топырақтың ғана емес, барша қазақтың дарынды ұлы ретінде еске алады. Бүгінде Тұмағаңның шығармашылығына әуес жас буын өсіп келеді. Сондықтан мұнда мектеп оқушылары жиі келіп, терең әсер алып қайтады. Қазақ үшін ақын поэзиясы қандай қастерлі болса, оның мұралары да сондай бағалы. Күлтай апамыз тағы да бірталай затын біздің музейге табыстамақ ниетте. Алда қорымыз ақыннан қалған жәдігерлермен толыға түспек, – дейді музей меңгерушісі Нариман Тайжанова.

    Ерзат АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Талаптың мініп тұлпарын…

    Талаптың мініп тұлпарын…

    11 months ago
    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    2 years ago
    “Сайлау – дауыс беретін ғана емес, елді ұйыстыратын да күн”

    “Сайлау – дауыс беретін ғана емес, елді ұйыстыратын да күн”

    2 years ago
    Тіл – тұғырың

    Тіл – тұғырың

    1 year ago
    Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

    Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>