🌧️
6°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды

    14.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін “TilOquBot” атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда.

    Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, чат-бот құрамында қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар. Қазіргі уақытта жүйеге 3 146 адам тіркелген, олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады. – Басты мақсатымыз – қазақ тілін үйренуді әр азаматқа, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, қолжетімді ету.

    “TilOquBot” өзінің тиімділігін дәлелдеді: енді ең шалғай ауыл тұрғындарының өзі ыңғайлы форматта білім ала алады. Бұл – цифрлық трансформация жағдайында ерекше маңызды, – деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Данияр Ахметов. Оның айтуынша, чат-бот мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жолындағы кешенді жұмыстың бір бөлігіне айналды. Цифрлық жобалармен қатар, облыста тілдер фестиваліне дайындық басталған.

    Аталған шара аясында түрлі байқаулар, үздік оқытушылар мен белсенділерді марапаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған креативті жобаларды қолдау жоспарланып отыр. – Біз әрбір азаматтың қазақ тілін дамыту ісіне үлес қосып жатқанын сезінуіне жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде тіл – тек дәстүр мен мәдениеттің көрінісі ғана емес, сонымен қатар технология, жаңа форматтар мен жастардың әлемі. “TilOquBot” – осы заман талабына сай келетін, құндылықтар мен тілді ұштастыратын тамаша мысал, – деп түйіндеді Ахметов. Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, қыркүйек айында Ұйғыр ауданында тіл фестивалінің қорытынды шарасы өтеді. Алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар табысталмақ.

    Ұсынымдар

    Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

    Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

    1 year ago
    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    Мобилография мамандық па?

    1 year ago
    Облыс әкімі депутаттардың өңірді дамытудағы рөлін айқындады

    Облыс әкімі депутаттардың өңірді дамытудағы рөлін айқындады

    3 years ago
    №6 жағажайдың болашағы қандай?

    №6 жағажайдың болашағы қандай?

    3 months ago
    Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

    Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>