-13 °c
Qonaev
Sunday, May 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аударыспақтан Азия чемпионаты басталды

    21.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Аударыспақтан Азия чемпионаты басталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS
    Халықаралық турнирдің ашылу салтанатында Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек, «Аударыспақ федерациясы» РҚБ президенті Марат Жұман және «Нұрбанк» директорлар кеңесінің төрағасы Эльдар Сәрсенов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
     «Ұлттық ат спорты – түркі халықтарының ортақ мұрасы. Ата-бабаларымыз жаугершілік заманда аударыспақ арқылы шыңдалып отырған. Ал қазір бұл өнер халықаралық деңгейге көтерілген ұлттық ойынға айналды. Аударыспақтан бірінші және үшінші Азия чемпионаты Астанада, екіншісі Қытайда өтті. Бүгінгі төртінші жарыс Алматы облысында жалғасып жатыр. Ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау мақсатында бұл спорт түрінің алатын орны зор. Азия чемпионатына келген қонақтарға және барша спортшыларға лайықты жеңіс тілеймін», – деді Рахман Шахарбек.
      Айта кетейік, республикалық аударыспақ федерациясы 2023 жылы құрылған. Оны «Atasu Group» халықаралық көлік-логисткалық компаниясының негізін қалаған кәсіпкер Марат Жуман басқарады. Аталған компания аударыспақ спортын елімізде және шетелде кеңінен насихаттап жүр.
    «2023 жылдың шілде айында Дүниежүзілік аударыспақ федерациясының бірінші конгресі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Мажарстан, Ауғанстан және Түркия елдерінің өкілдері қатысты. 2024 жылы аударыспақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына енді. Аударыспақтан Қазақстан құрамасының жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2024 жылдың маусым айында Қазан қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын және 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал өткен жылдың қыркүйек айында Астанада өткен V дүниежүзілік көшпенділер ойынында 5 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізіп, чемпион атанды. Спортшыларды дайындайтын негізгі орталық Түркістан облысында орналасқан. Халықаралық аренада біздің негізгі қарсыламыз – қырғыз, моңғол және өзбек спортшылары», – деді «Аударыспақ федерациясы» РҚБ президенті Марат Жұман.
     «Жаһандану дәуірінде өз тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін бағалайтын ұлттар ғана жарқын болашаққа жол ашады. Осындай ірі жарыстардың арқасында ұлттық спорт түрлері жастар арасында кеңінен қанат жайып келе жатқанына өте қуаныштымын. «Нұрбанк» басшылығы өз тарапынан мұндай игі бастамаларды әрқашан қолдайды», – деді «Нұрбанк» директорлар кеңесінің төрағасы Эльдар Сәрсенов.
     Ептілік, күш және батылдық. Аударыспақ сайысына қатысушының бойында осындай ерекшелік болуға тиіс. Жарыс арнайы жабдықталған алаңда өтуде. Қатысушылар 6 салмақ дәрежесінде – 60 келіден бастап 100 келіден жоғары салмақта өнер көресетеді.
     «Чемпиоанттың негізгі мақсаты – үздік спортшыларды ұлттық құрамаға іріктеу. Спорттық шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттыру. Чемпиондарға аударыспақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі. Біздің құрамадағы спортшылардың жасы 20-дан 40 жасқа дейін. Жарыс алаңына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары, Азия және әлем чемпиондары сынға түседі. Аталған жарысқа еліміздің атынан қатысатын Алмат Латипбек, Біржан Қосалиев, Сырым Ізбасаров, Есімхан Рахматулаға үлкен үміт артамыз. Спортшыларымыз үздік нәтиже көрсетеді деп ойлаймын», – деді ұлттық құраманың бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Жанбатыр Бекмұсаев.
     Сырым Ізбасаров – есімі елге белгілі спортшылардың бірі. 100 келі салмақта өнер көрсетеді. Бұған дейін ол 13 рет Қазақстан чемпионы, үш мәрте Азия чемпионы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының және әлем чемпионы болды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
    «Мен ат спортымен 2008 жылдан бері айналысып келемін. Ауылда өсіп, көкпар тарттым. Содан кейін мені аударыспақ спортына шақырды. Біздің командаға кілең мықтылар жиналған. Жарысқа тыңғылықты дайындалу үшін барлық жағдай жасалды. Сондықтан бірінші орын аламыз деген үмітіміз бар», – деді Сырым Избасаров.
    Аударыспақтан IV Азии чемпионатын ұйымдастырушылар: ҚР туризм және спорт министрлігі, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Дүниежүзілік аударыспақ федерациясы (World Federation of Horseback Wrestling), ҚР ұлттық ойындар қауымдастығы, «Аударыспақ федерациясы» РҚБ.
    Аударыспақтан IV Азии чемпионатының демеушілері: «Atasu Group» халықаралық көліек-логистикалық компаниясы, «Нұрбанк».
    Турнирдің жүлде қоры – 10 800 000 тенге. Әр салмақ дәрежесі бойынша кубоктар, медальдар, дипломдар және ақшалай сыйлықтар беріледі.
    Жарыс қорытындысы ертең белгілі болады.

    Ұсынымдар

    Кітап – сарқылмас  қазына

    Кітап – сарқылмас қазына

    7 months ago
    Жастар жобасын ұсынды

    Жастар жобасын ұсынды

    9 months ago
    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    4 weeks ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында қанша мектеп, балабақша бар?

    1 year ago
    Заңғар тұлғаны еске алды

    Заңғар тұлғаны еске алды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.