-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Ауыл шаруашылығына тың серпін

    17.04.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ауыл шаруашылығына тың серпін
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «SM Строй 2017» компаниясы және оның стратегиялық серіктестері өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар ауыл шаруашылығын дамыту, құрылыс және инфрақұрылым салалары бойынша өзара ынтымақтастық жайын талқылады.

    Қытайдың жетекші компанияларының Қазақстандағы өкілдері «SM Строй 2017» ЖШС директоры Бақтархан Мырзабек, China Railway Construction Engineering Group (CRCEG), China International WATER & ELECTRIC Corp, China Railway No9 Group Co., Ltd және Zhongguancun SmartCity Co., Ltd қатысқан жиынның күн тәртібінде үш негізгі мәселе көтерілді. Оның бірі – облыс аумағында су ресурстарын үнемдеу мақсатында ауыл шаруашылығы үшін су арналарын құру бойынша «SM Строй 2017» компаниясының презентациясы көрсетілді.
    Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Әсет Дүйсебекұлы шетелдік инвесторларға алғысын білдіріп, Қытай компанияларының өңір дамуына қосар үлесінің зор екенін атап өтті.
    – Қытай елінің өркендеу жолында жинаған мол тәжірибесі біз үшін аса маңызды. Сол себепті сіздерді жаңа даму сатысындағы облысымыздың құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылым салаларына кеңінен қатысуға шақырамыз. Біздің облысымыз – еліміздегі әлеуеті жоғары, қарқынды даму сатысындағы аймақтардың бірі. Тиімді жобалар арқылы өзара ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз, – деді.
    Өз кезегінде сөз алған «SM Строй 2017» ЖШС директоры Бақтархан Мырзабек компанияның өңірге инвестиция тартуға мүдделі екенін айтып, бірқатар жобаны таныстырды. Ауыл шаруашылығын заманауи технологиялармен жабдықтап, сумен қамтамасыз ететін жобаның өңір әлеуетін арттыруға септігін тигізетінін алға тартты. Серіктес Қытай компаниялары да өз ұсыныстарын жеткізді.
    Басқосуда, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту, зауыттар салу, тау-кен металлургия, жаңартылатын энергия көздерін өндіру мәселелері де кеңінен сөз болды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда

    4 months ago
    Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді

    Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді

    2 years ago
    Бақыттың кілті еңбекте

    Бақыттың кілті еңбекте

    9 months ago
    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    АЭС ел дамуына негіз қалайды

    7 months ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    АЭС салынатын орын таңдалды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.