-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бақытты ана – бақытты бала

    07.04.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Бақытты ана – бақытты бала
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Облыстық қоғамдық келісім және даму орталығының ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданында «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында семинар өтті. Ақ жаулықты әжелер мен аналар бас қосқан кездесуде бала тәрбиесінен бөлек, әйел затының жеке тұлға ретіндегі рөлі, нәзік жандылардың болмысы мен бет-бейнесі жөнінде де ой өрбіді.

    Отбасының қорғаны, тірегі – әке болса, ошақтың ұйытқысы мен берекесі – ана. Егер ана бақытты болса, бала да бақытты. Дегенмен, болмысынан нәзіктік пен сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың символы болған әйел заты күйбең тірліктің тауқыметімен өзін әркез кейінге ысырып, бала мен отбасын бірінші орынға қоятыны жасырын емес. Әр адам өзін сыйлап, жақсы көруді ұмытқан кезде оның айналасына төгер шуағы да солғын болатынын психолог мамандар айтып келеді.

    Осы орайда әр шаңырақта бүгінде бала тәрбиесіне көп үлес қосатын аналар екенін ескерсек, олардың жай-күйі, психологиялық-эмоционалды жағдайы үлкен маңызға ие екенін де аңғару қиын емес. Сәбиін мейірлене отырып емізудің де бала тәрбиесінде алар орны ерекше. «Әке ұлды тәбиелейді, ана тұтас ұлтты тәбиелейді» деген ата-бабаларымыз сол ерекшелікті ертеден түсінген. Кездесу барысында Зере әже секілді қазақтың дана әжелері, текті арулары, есімі бір руға айналған алып аналары жайында да кеңінен айтылды.

    Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева, Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғали, психолог Жеңісгүл Хабаева және педагог, білім беру ісінің құрметті қызметкері Жұлдыз Әуелбековалар сөз сөйлеп, семинарға қатысушылармен пікір алмасты. Жеңісгүл Хабаева өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларға тоқталып, ана мен бала тәрбиесінде тасада қалатын жайттар жайында айтты. Сондай-ақ семинар қатысушыларына шағын психологиялық тренинг өткізіп, ақыл-кеңесімен бөлісті.

    Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар бүгінгі ұл-қыздарымыздың білімді де, тәрбиелі, өресі биік, көкжиегі кең, ұшқыр ойлы, өнерлі, жалпы, жан-жақты қабілетті болып өсуі оларға тәлім-тәрбие беріп, оң-солын танытып отырған аналарына тікелей байланысты. Ендеше, бақытты ананың балалары – ертеңгі  саналы да, сапалы ұрпақ екенін ескергеніміз абзал.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    3 months ago
    Еңбегі ел есінде

    Еңбегі ел есінде

    2 months ago
    Адал еңбек  бақытқа бөлейді

    Адал еңбек бақытқа бөлейді

    6 months ago
    Қарасайлықтар қуанышы

    Қарасайлықтар қуанышы

    6 months ago

    Тарихтан сыр шертті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.