-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бала – болашағымыз десек

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Бала –  болашағымыз десек
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Таяуда Алматыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 7 жастағы қызды жүк көлігі қағып, бала оқиға орнында мерт болды. Қосымша сабақтан үйіне қайтып келе жатқан қыз жолдың қарсы жағында өзін күтіп тұрған шешесінің көз алдында көлік астына түсті. Сол күннің ертесі қалада 7 жастағы тағы бір ұл бала көлік қағып көз жұмды. Алғашқы қайғылы жағдай жаяу жүргінші жолағын елемеген жүргізушінің кінәсінен болса, екіншісінде бала жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Қалай болғанда да екі күнде екі жеткіншек ажал құшты. Қайғылы оқиғалардың ақ-қарасын тиісті құзырлы органдар анықтайды. 

    Жалпы елімізде жаңа оқу жылы басталғанда көшеде қозғалыс көбейетіні белгілі. Бұл халық көп қоныстанған, үш ауысымды мектептері бар Алматы, Астана сияқты ірі қалалар мен оның айналасында жол қауіпсіздігі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарады. Әдетте, бізде бастауыш сыныпта оқитын балаларды мектепке ата-анасы немесе ересектеу бауырлары апарып, алып қайтады. Ал мектептің алдындағы жолдарда жаяу жүргінші жолақтары сызылған. Дегенмен, бала қауіпсіздігі – ең басты мәселе болғандықтан, олардың үйінен мектеп табалдырығын аман аттап, есен-сау оралғаны маңызды.
    Өркениетті елдерде бұл мәселені реттеуге мектеп патрулі (School Crossing Patrol) деп аталатын арнайы адамдар жұмылдырылады. Мәселен, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Германия, Австрия, Жапонияда өткен ғасырдың ортасынан бері бұл қызметті арнайы қызғылт-сары жилет киіп, қолына STOP сөзі жазылған жол белгісін ұстайтын қызметкер атқарады. Муниципалитет тағайындайтын бұл қызметкер сабақ басталатын уақытта мектеп айналасындағы жолдарда жаяу жүргіншілер жолағында тұрып, оқушылар жолдан өтіп кеткенше көліктерді тоқтатып тұрады. Жол полицейі емес, бірақ құзыреті одан бір мысқал да кем емес патрульдің талабына бағынбаған жүргізушілер заңмен жазаланады. Бір сөзбен айтқанда, мектепке жіберген балаңыз жаяу жүргіншілер жолағында жүйткіген көліктің астына түсіп қалмаса екен деп жұмыста отырып алаңдамайсыз.
    Біздегі мектептердің айналасында тек оқу жылы басталатын 1 қыркүйек күні мен аяқталатын 25 мамыр күні ғана полиция төбе көрсетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Сонымен тәмам. Басқа күндері мектеп маңайы сабақ басталатын және аяқталатын уақыттарда балалар жүретін жер емес, базар сияқты ығы-жығы болып жатады. Мектептен бөлек, қосымша сабақ, үйірме, спорт секциясына баратын балалар да жеткілікті. Яғни, оқу жылы бойына балалардың жүріс-тұрысы көбейеді. Таңертеңгі уақытта жұмысқа асыққан талай жүргізушінің жаяу жүргіншілер жолағына құйғытып келіп тоқтап, топтасып өтпесе, бала тұрмақ бірлі-жарым болып өткен ересек адамды қағып кете жаздайтынын талай көріп жүрміз.
    Балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесі алаңдатарлықтай екенін статистикалық көрсе­кіштер де айғақтайды. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің дерегінше, биыл алғашқы үш айда елімізде 17 бала жол апатының құрбаны болса, 1500-ден астам бала түрлі жарақат алған. Бұл дегеніміз 17 отбасы болашағынан үміт күтіп, үкілеп отырған баласынан айырылды, ал 1500-ден астам бала өмірінде естен кетпес соққы алды деген сөз. Былтырғы дерек те жан ауыртарлықтай: 2024 жылы жол-көлік апатынан мерт болған балалар саны 3,5 пайызға ұлғайып, 328-ге жетсе, жараланған балалар саны 2,3 есеге артып, 10000-нан асқан (2023 жылғы көрсеткіш – 4342). Зардап шеккендердің жартысынан астамы жол апатына жолаушылап бара жатып ұшыраса, қалғанын жолдан өтерде көлік қаққан.
    Иә, балаларға жолда жүру, жолдан өту ережесін тәптіштеп үйрету керек. Сонда да болса, санасы толық жетілмеген ойын баласы кейде асығыстық жасап, жолдағы сақтықты бір сәт естен шығаруы, оның соңы орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін. Жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін жақсартып, жаяу жүргіншілер өміріне бей-жай қарамауды үйренуіне де біраз уақыт кететіні сөзсіз. Қалалы жерде жұмыстан қолы босамайтын ата-анасы да баласын үнемі мектепке апарып, алып қайтуға мүмкіндігі бола бермейді. Осы тұрғыда, жолдан өтемін деп жазым болатын балаларды қорғаймыз десек, бізге де өркениетті елдердегідей, халық тығыз қоныстанған, көлік ағыны көп қалаларда және олардың іргесіндегі елдімекендердегі мектептердің айналасында балалардың жолдан аман-есен өтуін қадағалайтын заң құзыреті бар адам керек сияқты.

    Айбек Мұқан

    Ұсынымдар

    Қонаевта жүздеген бизнес нысандары эконауқанға қатысты

    Қонаевта жүздеген бизнес нысандары эконауқанға қатысты

    1 year ago
    Қонаевтың шеткі аудандары қалай дамиды?

    Қонаевтың шеткі аудандары қалай дамиды?

    1 year ago
    АЛҒАШҚЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

    САПАЛЫ БІЛІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

    5 months ago
    Тегін оқудың мүмкіндіктері көп – Министр

    Тегін оқудың мүмкіндіктері көп – Министр

    10 months ago
    Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды

    Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>