-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балаларды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Руханият
    Ислам және деструктивті діни ағымдар: түсіну, қауіптер және қарсы тұру жолдары
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен жүрген кезде ата-аналардан: «Балаларымызды жат ағымдардан қалай қорғаймыз?» деген сұрақты жиі естиміз. Осы мәселеге қатысты бірнеше кеңесті алға тартқымыз келеді.

    “Бала мен ит қорыған жерге өш” дегендей, баланы діннен алшақтата берудің қажеті жоқ. Себебі, бәріміз жан мен тәннен жаралғандықтан, бәрібір рухани азыққа мұқтажбыз. Ертелі-кеш бала да әйтеуір бір жерден рухани азық іздейді. Сөйтіп жүріп дұрыс емес ақпаратқа тап болуы әбден мүмкін. Сол үшін баланы діннің негізгі құндылықтарымен, ахлақи принциптерімен және дұрыс діни мәліметтермен қаруландыру қажет. Рухани иммунитеті дұрыс болған бала жат ағымдардан қорғана алатын болады.

    Діни ақпараттарды сенімді ұстаздар мен дұрыс діни орындардан үйренуін қамтамасыз етуіміз қажет. Себебі, бала көкейде жүрген сұрағын кімнен және қайдан алуы тиіс? Көлденең көк аттыдан діни сұрақ сұралмайтынын еске сақтағаны жөн.

    Балаңызбен үнемі және ашық байланыста болыңыз. Туындаған сұрағына жауап беріп, қате ақпараттарға және теріс бағыттарға барынша мұқият болуы керектігін үйретіңіз. Араласатын ортасын жақсы тануға тырысыңыз. Достары кім екеніне, қандай шараларға қатысып жүргеніне, кімдермен уақыт өткізетініне мән беріңіз. Теріс әсерлі орталардан қашық жүруіне ықпал етіңіз. Қазақ “қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол” деп бекер айтпайды.

    Балаңызға критикалық-аналитикалық ойлауды үйретіңіз. Қандай да бір діни білімге немесе ақпаратқа құлай сенбей, әуелі сыни ойдың сүзгісінен өткізуге дағдыландырыңыз. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда жалған және бұрмаланған ақпараттардың да жүретінін түсіндіріңіз. Әсіресе, дінге қатысты сауалдардың бәріне интернеттен жауап іздеуге болмайтынын айтыңыз.

    Міне, баласының болашағына алаңдайтын әрбір ата-ана осы тектес мәселелерге мән беруі керек. Оған ерте бастан назар аудармаса, ертеңгі күні бала теріс жолға түсіп кетіп, опық жегізіп, бармақ шайнатуы мүмкін. Ол кезде бәрі кеш болады. Құдай содан сақтасын!

    Салтан Сайранұлы,

    дінтанушы

    Ұсынымдар

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    2 years ago
    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    1 year ago
    Қамқор еді халқына

    Зәкең екі сөйлемейтін

    8 months ago
    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    1 month ago
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    Өз елінде өгейдің күйін кешкен

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.