-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Экологиялық маңызға ие жоба

    28.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Экологиялық маңызға ие жоба
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

     «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының кеңсесінде өткен жиында аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы деградацияланған  жерлерді қалпына келтіруге, экологиялық жағдайды жақсартуға  бағытталған орман-климаттық жоба талқыланды. Отырысқа  мемлекеттік қызметкерлер, экомамандар мен бизнес өкілдері қатысты.

    Экологиялық  жобаны талдаған сарапшылар қазір елімізде шөлейтті жер көлемі жыл өткен сайын ұлғайып бара жатқанын сөз етті. Олардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда  180 млн гектардан астам аумақ деградацияға ұшыраған. Оған топырақтың тұздануы, құнарсыздануы, эрозияға ұшырауы және химиялық улануы себеп болып отыр. Соның салдарынан жайылым  шөлге айналып барады. Мамандардың пайымынша, топырақ ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық таза өнімді өндіру және қоршаған табиғи ортаны қорғау – еліміздің аграрлық секторындағы  өзекті  түйінге айналып, оны шешу кезек күтірмес мәселе ретінде қаралуы шарт. Осы бағытта өңіріміздегі жаңа ауқымды орман-климаттық жобасы мемлекеттік «Жасыл Қазақстан» стратегиясы аясында жүзеге аспақ.

    Ұйымдастырушылардың сөзінше, еліміздегі алғашқы орман климаттық жобасы бизнестің, мемлекеттің және халықаралық әріптестердің өзара ынтымақтастығын негіз етеді.

    –  Аталған бағдарлама Шеңгелді ауылдық округіндегі 1500 гектар аумақты қамтиды және халықаралық кеңесшілердің, соның ішінде Deloitte, Hamerkop компанияларының қатысуымен іске асырылуда. Қазір 200 мыңнан астам көшет отырғызылып, суару және рекреациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Терек, қарағаш, тораңғы, қайың, ерен ағашы, итмұрын сынды  3,3 млн  түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Біздің жобамыз су үнемдеу технологиялары мен қарқынды агротехниканы пайдалана отырып, жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ жоба бойынша көміртегі бірліктерін VCS және CCB халықаралық стандарттарына сай сертификаттау жүргізілуде. Біз қолға алған экологиялық бағдарлама деградацияға ұшыраған ауылшаруашылық жерлерін орман алқаптарына айналдыруға, орманды қалпына келтіру мен ауа сапасын жақсартуға, биоәртүрлілікті сақтау мен экотуризмды дамытуға мүкіндік береді, – дейді жоба жетекшілерінің бірі Ким Юрий.

    Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі жобаларының менеджері Талғат Кертешовтің айтуынша, аталған экологиялық бағдарлама еліміздің болашағына маңызды үлес қосады және экономикалық даму мен табиғатты сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге зор  мүмкіндік береді.

    Кездесуде кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы жобаның инвестициялық және экологиялық тұрғыдан ұзақ мерзімді маңызға ие екенін айтып, әкімдік тарапынан қолдау көрсетуге күш салатынын жеткізді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    2 years ago
    Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

    Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

    3 months ago
    Табиғат –  ортақ байлығымыз

    Газеттің тірегі – оқырман

    7 months ago
    «Жайлы мектеп» жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады

    «Жайлы мектеп» жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады

    2 years ago
    Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

    Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.