-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел игілігіне берілді

    21.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Ел игілігіне берілді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Райымбек ауданының Текес ауылында халық игілігіне қызмет ететін жаңа мекеме ашылды. «Электр тораптар ауданы» аталатын іргелі еңбек орны ендігі жерде, экономикалық-әлеуметтік тұрғыда дамуына лайықты ықпал ететін болады.

    Электр қуатын тарататын бұл мекеме Нарынқол өңірінде бұрын да болған. Текес ауылынан ірге көтерген мекеме жөні де, жолы да бөлек қызметі арқылы ауданның бар тыныс-тіршілігінің ажырамас бір бөлігі ретінде саналып келген еді. Аудан тұрғындары электр қуатын барынша пайдаланып, игілігіне жаратқан. Қуат көздеріне қатысты кездесетін қиындықтарды онша сезіне қоймайтын. Амал не? 1997 жылы ауданның көрші ауданмен біріктірілуі аудандық электр жүйесінің де ғұмырына балта шапты. Осыған дейін Нарынқол электр тарату мекемесі атанған еңбек орны Кеген аудандық электр тарату торабына қосылып, Райымбек электр тарату ауданы болып қайта құрылған. Айналасы 10-11 жылдың ішінде атауы неше дүркін өзгерген құрылым, 2009 жылдың мамыр айынан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ құрамындағы «Райымбек электр тарату ауданы» ретінде қызметін жалғастырды. Мұндай қосылулар мен жаңаша құрылымдардың мемлекет үшін тиімділігі зор болғанымен қарапайым халық үшін туындаған қиындықтар аз кездеспегені анық. Оған дәлел ретінде Нарынқол өңірі тұрғындарының электр қуаты төңірегіндегі қандайда бір даулы мәселелер немесе болмашы қағаз үшін күні бүгінге дейін 100 шақырым жердегі Кегенге сабылғанын айтуға болады. Осындай қиындықтардан кейін тиісті орындарға өңір тұрғындары тарапынан өтініштер мен талап-тілектер үздіксіз жолданған. Көптің талабы ақыры қабыл болды.  Өткен жылы 2 тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының шешімімен «Райымбек электр тарату ауданы» құрылды. Мекеменің әкімшілік орталығы Текес ауылындағы құтты орнына қайта жайғасты. Компания тарапынан мекеменің бұрынғы қызметтік кеңсесі мен айналасын, станса алаңын қайта жөндеуден өткізуге 45 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде мекеме ғимаратының іші-сырты инеден жаңа шыққан киімдей, көрген жанның көзі тоятын дәрежеге жеткен. Жаңа штаттық құрылымы бекітіліп, қызметкерлер мен жұмыскерлер саны 72 адаммен толықтырылған. Электр тарату ауданының  қызмет көрсету аумағы 14 200 шаршы шақырымды құрайды. Жалпы қуаты 35 700 кВа болатын 8 қосалқы стансаның ауданның электр қуатына қатысты қажеттілігін толығымен өтеуге мүмкіндігі зор. Сонымен қатар, заңды және жеке тұлғаларды сапалы және үздіксіз электр стансасымен қамтамасыз ету мақсатындағы қызмет көрсету мәселесі заманауи электрондық порталдар арқылы жүзеге асырылмақ.

    Жаңа мекеменің ашылу салтанатына бұл күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма басшылары мен жауапты қызметкерлері, аудандағы құзырлы орындар мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, қуанышқа  ортақтасты. Алғашқы құттықтау сөздің тізгінін ұстаған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Абай Асылов:

    – Бүгінгі күн жаңа құрылымның басталуы емес, бұл – бүкіл өңір халқы үшін маңызды оқиға. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ шешімімен Райымбек және Кеген электр тораптар аудандары жеке құрылым ретінде қайта ұйымдастырылып, жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. «Райымбек электр тораптар ауданы» мекемесінің ғимаратында алғаш рет «Алатау Жарық Компаниясы» мен «Энергосбыт» қызметкерлері бір шаңырақ астында бірлесіп еңбек ететін болады. Бұл бірігу – қызмет сапасын арттырып, тұтынушылармен жұмысты жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта да осы бағытта бірлесе жұмыс істеп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді – басты міндетіміз санауымыз қажет, – деген ақжарма тілегі арқылы көпшілікті жаңа құрылымның ашылуымен құттықтады. Мекеме қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, жаңашыл бастамаларға сәттіліктер мен жемісті жетістіктер тіледі.

    – Аудан халқы үшін маңызы зор мекеменің Текес ауылына қоныстанып жатқаны біз үшін зор қуаныш. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінің сенімді жұмыс істеуіне және жаңа энергетикалық нысандардың салынуына өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі сәулетті ғимараттың ашылуы соның айқын дәлелі. Кез-келген мекеменің басты құндылығы – сол саланың мамандары. Ал, сол мамандарға жағдай жасауда басшыларға артылар міндет зор, – деген аудан әкімі Берік Дүйсенбаев электр тарату мекемесінің Райымбек ауданынан ашылуына жағдай тудырып, қамқор қолын ұсынған, сөйтіп, өңір тұрғындарына қуаныш сыйлап отырған АҚ басқарма төрағасы Абай Асыловқа аспантау аясының ел-жұрты атынан алғыс айтты. Аудан әкімінің ұсынысы бойынша Райымбек аудандық мәслихатының шешімімен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Абай Асылов «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» мәртебелі атағымен марапаттады. Келесі кезекте мінбеге көтерілген облыстық мәслихаттың депутаты Нұрбол Әлиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев ыстық ықыласқа толы ақжарма тілектерін жеткізді. Жаңа ашылған мекеменің сәулетті ғимаратының лентасы қиылды. Ақ әжелер шашуларын шашты. Алыс-жақыннан келген меймандар ғимараттың ішін аралап, мекеменің жұмысымен танысты. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән салып, көңілді көкке көтерді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Ел үмітін ақтаған

    Ел үмітін ақтаған

    1 year ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Алматы облысының тауар нарығында монополияға қарсы талдау жүргізілді

    6 months ago
    Кәсіпкерлерді қолдау маңызды

    Кәсіпкерлерді қолдау маңызды

    10 months ago
    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    2 days ago
    Тұтынушылар құқықтарын қалай қорғайды?

    Тұтынушылар құқықтарын қалай қорғайды?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.