-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    19.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік Іле өзені бойындағы жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетті.

    Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда соңғы жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғалы-тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерві қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.

    Осыған орай Алматы облыстық әкімдігі мен мәслихатының бастамасымен Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. 600-ге жуық адам жұмылдырылған тазалық шарасының нәтижесінде өзен жағасынан 30 тоннадан астам қоқыс жиналды. Жиналған қалдықты арнайы орынға жеткізу үшін екі КамАЗ техникасы тартылды.

    Қатысушылардың айтуынша, жиналған қалдықтардың басым бөлігі – пластик пен шыны бөтелкелер, тағам қалдықтары, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Бір күндік шарамен мәселе шешілмейтіні белгілі. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы бұл түйткілді облыстық экологиялық кеңесте жүйелі түрде көтеруді жоспарлап отыр. Партия бастамасымен туристік аймақтарға арнайы статус беру, қоқыс алаңдарын орнату, бейнебақылау енгізу және құқықбұзушыларға әкімшілік жаза қолдану тетіктері ұсынылмақ.

    «Біз табиғат ластанғаннан кейін емес, ластанбай тұрып әрекет етуіміз керек. Қазір Іле бойындағы жағдай – ескерусіз қалған аумақтың нақты көрінісі. Өзен жағасы қоқысқа көміліп жатыр. Демалушылар артынан ештеңе жинамайды. Қазан-ошақ пен тағам қалдықтары өзенге ағып, қоршаған ортаға тікелей зиян келтіріп отыр. Егер жүйелі шешім қабылданбаса, жақын арада бұл жер қайтадан қалдық астында қалады. Мәселе – қоқыстың көлемінде емес, жүйесіздікте. Бұл аумақта инфрақұрылым атымен жоқ. Қоқыс жәшігі де, бақылау да, жауапты мекеме де қарастырылмаған», – деді партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

    Бұл іске волонтерлер де үнсіз қалмады. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Медет Бекбергеновтың айтуынша, өткен жылы осы аумақтан екі рет 10 тоннаға жуық қоқыс жинаған. Алайда олар да бұл мәселенің еріктілердің иығына артылатын салмақ емес екенін мойындайды.

    «Жалпы, табиғатқа жанашырлық – тек ниет емес, нақты жүйелі саясатқа айналуы тиіс. Бүгінгі экоакцияға облыс әкімінің өзі бастап, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғам белсенділері мен AMANAT партиясының мүшелері қатысуда. Волонтерлер бұл мәселемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Былтыр өз күшімізбен осы аумақтан 10 тоннадан астам қоқыс жинадық. Бірақ бізден кейін тағы да бәрі сол қалпына түсті. Бұл – бір реттік сенбілікпен шешілетін мәселе емес. Табиғатты қорғау – жүйелі бақылау мен нақты инфрақұрылымды қажет етеді. Біз қанша тазаласақ та, қоқыс тастауды тоқтатпайынша нәтиже болмайды», – деді Медет Бекбергенов.

    Айта кетейік, экологиялық шаралар Іле өзенімен шектелмейді. Облыстың 373 елді мекенінде 80 мыңнан астам адамның қатысуымен 38,9 мың түп ағаш отырғызылып, 120 ақпараттық түсіндіру және 150 санитарлық тазалау шарасы өткізілген.

    Ұсынымдар

    АЭС құрылысын қолдады

    АЭС құрылысын қолдады

    8 months ago
    Алматы облысында абоненттерге газ құбырын тарттыруға тұрақты баға белгіленді

    Алматы облысында абоненттерге газ құбырын тарттыруға тұрақты баға белгіленді

    2 years ago
    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    2 years ago
    Газет – халықтың үні

    Ардагерлерге газет қажет пе?

    4 months ago

    Қытай құлшынысы: кімге қауіп, кімге пайда?

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.