⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

    18.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Қылмыс
    Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы облысында да сәтті жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

    «Anti-Fraud» жүйесі арқылы тек Алматы облысында соңғы үш айда 40 млн. теңгеден астам қаражат бұғатталған. Облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қуаныш Сайлауханның айтуынша, бұл өз кезегінде тұрғындардың алаяқтың құрбанына айналудың алдын алуға ықпал еткен.
    — Егер азамат алаяқтардың арбауына түсіп, дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінсе және тиісті мәліметтерді ұсынса, жүйе арқылы есепшоттарға дереу бұғат қойылады. Бұл қаражаттың ұрлануына жол бермей, оны иесіне қайтаруға мүмкіндік береді, — дейді Қуаныш Сайлаухан ресми мәлімдемесінде.
    Бүгінде аймақта интернет алаяқтықтың үш түрі кеңінен таралған яғни, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, интернет-дүкендердің атын жамылып алаяқтық жасайды, жалған инвестициялық жобаларға қатыстыру арқылы азаматтарды қаржысынан айырады.
    – Қазіргі уақытта интернет алаяқтарының айласы күн сайын өзгеруде, ең маңыздысы — сақтық пен сауаттылық. «Anti-Fraud» секілді жүйелер қауіптің алдын алуға арналған құрал болса, оны тиімді пайдалану әр азаматтың жауапкершілігі. Алаяқтарға алданбау үшін қарапайым ережелерді ескеріп, күмәнді жағдай туындағанда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Себебі әрбір минут маңызды, -деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Жарқын Есжанов.
    Еске саламыз, жыл басынан 110 киберқылмыс тіркеліп, оның 101-і сотқа жіберілді. Сәйкесінше, қылмысты ашу деңгейі 53 пайызға жеткен.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алма бақтар гүлдеді
    14.04.2026
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    14.04.2026
    Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
    14.04.2026
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    14.04.2026
    Тұтынушы құқығы заң аясында қорғалды: Департамент араласқан соң ірі көлемдегі қаражат қайтарылды
    14.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>