⛅
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақша сөйлесейік!

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Қазақша сөйлесейік!
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

         Қазақ тілі – өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қарым-қатынас тілі ету – бүгінгі күн талабы. Тәуелсіз мемлекетімізде қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілінің кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету – басты мақсатымыз.

    Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі. Осы орайда қазақ тілін меңгеруге ниеттеніп, бірге үйренуге шақырып жүрген Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық филиалының мүшесі, этнос өкілі Наталья Батракова жайлы сөз қозғағым келеді.
    Наталья Дмитриевна Қонаев қаласындағы А.Жұбанов атындағы № 5 орта мектепте орыс тілі пәні­нің мұғалімі болып қызмет атқарады. Ұлты орыс болса да қазақ тілін білуге, мәдениетін құрмет­теуге баса мән береді. Наталья Дмитриевнаның айтуынша, қазақ тілін меңгеру үшін ең алдымен ниет керек. Ол өзінің болашағын Қазақстанмен ғана байланыстырады және қазақ елінің азаматы екенін мақтан тұтады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғандықтан, оны Қазақстанның әрбір азаматы білуге тиіс деп есептейді. Наталья орыс мектебінде білім алғандықтан қазақ тілін мүлде білмеген. Алайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына мүше болып кіргеннен кейін қазақ тілін білуге қызығушылығы оянған.
    Бүгінгі күні Наталья Батракова «Қазақ тілі» қоғамының  lnstagram желі­сінде аптасына бір рет «Қазақша сөйле­сейік!» тақырыбында сабақ өткізеді. Онда қазақ тілін оңай әрі тез үйренудің әдіс-тәсілдерін ұсынып жүр. Әйтсе де, Наталья «Білетінім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» деп, өзі де осы сабақ арқылы мем­лекеттік тілді тереңірек меңгеруде. Ол үнемі сөздік қорын байытып, білім көкжиегін кеңейтуге тырысады.
    «Әуелде қазақ тіліндегі кейбір сөз тіркес­терін дұрыс айту қиынға түсті, қазір ақырындап барлығын да үйре­ніп келе жатырмын. Мен мем­лекет­тік тілді өте жоғары деңгейде меңгергім келеді. Қазақ тіліндегі кітап­­­тарды көп оқып, тілдің қыр-сырын үйренуге деген құлшынысымды арттырсам деймін», – дейді ол.
    Тіл – ұлттың тірегі, ең асыл құндылығы. Тілге қамқор болу – ұлтқа қамқор болумен тең. Тілге құрмет – елге құрмет. Тілді өркендету – баршаның ісі!

    Күлайша Бейсембаева,
    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің
    Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары

    Ұсынымдар

    “Cyber Challenge Kazakhstan” форумы өтіп жатыр

    “Cyber Challenge Kazakhstan” форумы өтіп жатыр

    2 weeks ago
    Ауылды өркендетудегі ҮЕҰ мүмкіндігі талқыланды

    Ауылды өркендетудегі ҮЕҰ мүмкіндігі талқыланды

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Қуатты өңір – қуатты ел

    4 weeks ago
    Жол қауіпсіздігі – басты назарда

    Жол қауіпсіздігі – басты назарда

    2 months ago
    Қонаевта «Mузей-fest 2023 Қонаев city» фестивалі өтті

    Қонаевта «Mузей-fest 2023 Қонаев city» фестивалі өтті

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>