-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚазҰУ жастары өнерге де жақын

    01.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ҚазҰУ жастары өнерге де жақын
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Осынау тау қоршаған қаланың төрінде, қайнар білімнің «қара шаңырағы» ҚазҰУ орын тепкен бәрімізге белгілі. Азиядағы үздік 30 ЖОО-ның қатарына енген білім мекені, 2024 жылы 90 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Орталық Азияда үздік жоғарғы оқу орындарының көшін бастап тұрған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазіргі таңда 27000-ға жуық студент білім алады. Әлемдік үздік университеттердің QS WUR рейтингінде 2022 жылы 150-орын иеленген жоғарғы оқу орнына кіреберіс ортадан көрінетін әлемнің екінші ұстазының ескерткіші ҚазҰУ-дағы білім сапасын көрсеткендей. Жоғарыда цифрмен көрсеткенімдей, ҚазҰУ-да Қазақстан бойынша басқа университеттермен салыстырғанда, ең көп студент білім алады. Сәйкесінше, ең мықты студенттердің белсенді өмірі де осында.

    Студенттердің бос уақытын пайдалы өткізіп, болашағына жақсы іргетас қалап беретін студенттік жол ҚазҰУ-да кең әрі ұзағынан жайылған. Ұйымдар, түрлі пайдалы клубтар және спорт секцияларында тәрбиеленген студенттер басқа университеттердің студенттерін жарыстарда жапыра жеңіп келуде.

    Бұдан бөлек ҚазҰУ-дың өнері жайлы әңгіменің өзі бір төбе. Адамдарды шынайылығымен өзіне баурап алатын театр өнерінің дамуы ҚазҰУ-ды биікке әрдайым көтеріп келе жатқан тіректің бірі. Әртүрлі спектакльдермен студенттердің жүрегінен орын алған «Біз» театры өз жұмысын 2006 жылы бастаған. Студенттік «Біз» театрының тұсауы 2007 жылы алғашқы «Адаспаңдар» атты қойылыммен кесілген болатын. Уақыт өте буын алмасып студенттік «Біз» театры Ғалымжан Сайлаубеков, жетекшілер режиссерлік етіп студенттерден құралған группалармен қойылымдар қойып жүрді.

    Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңңында АРТ орталықтың бастамасымен қайта құрылып, «Біз» театры үш қойылымымен көрерменнің көзайымына айнала білді. ’’Апатай’’ және ”Ғашықтар” атты драма, комедия жанрында қойған спектакльдері кәсіби маманның қолынан шыққандай таза, шынайы бастысы жасандылықсыз. ҚазҰУ-дың бірінші курс студенттерін қабылдау қарқынына қарағанда алдағы уақытта «Біз» театры шарықтап дамуға қадам басып келе жатыр. ҚазҰУ студенттерінің ішіндегі театр актер актрисалары тұнып тұрған өнер иелері дерсіз. ҚазҰУ студенттері алға! Мен жастарға сенемін!

    А.Төнкер

    ҚазҰУ, Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы

    Ұсынымдар

    Мал басы артты. Сапасы ше?

    Мал басын арттыру маңызды

    1 week ago
    Алғашқы тірек мектеп жаңаша жарақтандырылды

    Алғашқы тірек мектеп жаңаша жарақтандырылды

    2 years ago
    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    Бас прокуратура: Өртке үш фактордың бірі себеп болуы мүмкін

    2 years ago
    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    2 months ago
    Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші тармағын тарту жұмысы басталады

    Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші тармағын тарту жұмысы басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.