-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жұмыстар қарқын алды

    18.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жұмыстар қарқын алды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қонаев қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және көгалдандыру бағытында жүргізіліп жатқан бұл бастама қалада кең қолдауға ие болып, тұрғындардың белсенділігімен жүзеге асуда.

    Қаланың тазалығы мен көркеюіне облыстық басқармалар мен департаменттер, түрлі мекемелер мен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер тартылып, сенбіліктерге бір кісідей жұмылуда. Олар қала аумағындағы санитарлық тазалыққа үлес қосып, қоршаған ортаны жақсартуға өз септігін тигізіп келеді.

    Қонаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Дархан Батыршаның айтуынша, биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша наурыз айынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында жеті ауқымды сенбілік өткізіліп, оған 3000-нан астам адам қатысқан. Ал соңғы облыстық деңгейдегі сенбілікке 800-ге жуық тұрғын қатысып, 20 тоннаға жуық қатты қалдық арнайы техника көмегімен арнайы қоқыс орындарына жеткізілген. Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 18 арнайы техника жұмылдырылған.

    Сондай-ақ, Іле өзенінің жағасында орналасқан тарихи-мәдени маңызы зор «Таңбалы тас» аймағында да тазалық жұмыстары жүргізілген. Шара барысында алты техника қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жиналып, сыртқа шығарылған.

    – Қазіргі таңда қамыс шабу жұмыстары жүргізілуде. Өткен сенбіде қала аумағында 22 мың қайың көшеті отырғызылды. Жоспар бойынша тағы 14 мыңға жуық терек, қараағаш және қылқан жапырақты ағаштар егілмек. Қазірдің өзінде соның 4 мыңы отырғызылды. Алдағы сенбіде 500 көшет егу шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған шамамен 300-дей тұрғын қатысады деп күтілуде, – дейді Дархан Сабырханұлы.

    Қаланы көгалдандыру жұмыстарына «Жасыл қала» мекемесі де белсене кіріскен. Аталған мекеменің бригадирі Ержан Бектасовтың айтуынша, жасыл желектер егуге арналған жерлер дайындалып, топырақ қопсытылып, алдағы егу науқанына әзірлік басталып кеткен.

    Қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету – полиция қызметкерлерінің де назарында. Қонаев қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары да акцияға белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалықты бақылауға алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаланың әр бұрышындағы бейберекет тасталған қоқыстар бойынша тұрғындарға ескерту жасалып, қажет жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

    – Қазіргі уақытта қала көшелерін аралап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгу фактілерін анықтау бағытында тексеру жүргізіп жатырмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық тәртіпке бейім болуға, арнайы орындардан тыс жерлерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Қала тазалығы – әрбіріміздің ортақ міндетіміз, – дейді учаскелік полиция инспекторы Данияр Дәулетияр.

    «Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық акция ғана емес, ел азаматтарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды бастама. Қонаев қаласында қолға алынған бұл жұмыс өз нәтижесін беріп, қала экологиясын жақсартуға үлес қосуда.

    Айжарық Көптілеуов

    Ұсынымдар

    ҚҰСБЕГІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

    ҚҰСБЕГІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

    3 months ago
    Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

    Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

    1 week ago
    Ой-өрісті дамытатын спорт

    Ой-өрісті дамытатын спорт

    6 months ago
    Батамен ел көгерер

    Батамен ел көгерер

    11 months ago
    Онлайн ойын  опындырып жүрмесін

    Онлайн ойын опындырып жүрмесін

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.