-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    МАҚСАТЫ АЙҚЫН МАҚПАЛ

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    МАҚСАТЫ АЙҚЫН МАҚПАЛ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Елімізде жыл өткен сайын азамат­тардың іскерлік белсенділігі артып келеді. Бірнеше кәсіп ашып, көпмақсатты бизнес жүргізіп жатқан табысты кәсіпкерлер де аз емес. Солардың бірі – Талғар қаласында тұратын, өзінің жеке стоматологиясы мен сән салоны бар Мақпал Төреханқызы.

    Ол кішкентай кезінде дәрігер болуды армандаған. Алайда мектеп бітірген соң қаржыгер мамандығын таңдаған. Бірақ әкесі, ағасы, өмірлік серігі – бәрі тіс дәрігері болған соң, солардың ықпалымен бәрібір бала күніндегі «дәрігер болсам» деген арманы қайта жаңғырып, емдеу ісімен айналысуға бел буыпты.
    – Бұрын мемлекеттік қызметте болдым. Алайда әкем – ағам мен күйеуіме көмектескенімді қалады. Сөйтіп, өзіміздің жеке тіс емдеу кәсібін аштық. Қалай дегенмен мен қаржыгермін ғой, кез келген істің есеп-қисабын жүргізуге қабілетім бар, онсыз болмайды. Алғашқы кезде оңай болған жоқ, мемлекет тарапынан қолдау болмады, тек өз күшімізге, қабілет-қарымымыз бен ерік-жігерімізге үміт артуға тура келді, – дейді кәсіпкер.
    Бірақ стоматология іске қосылып, емделушілер ағылып келе бастаған кезде, олар қолға алған ісінің дұрыс екенін түсінді. Мақпал тәжірибелі қаржыгер ретінде бухгалтерия мен әкімшілік істерді тиянақты жүргізіп, ағасы мен жұбайы тісі ауырып келген үлкен-кішінің бәріне дәрігерлік қызмет көрсетті.
    Осылай 10 жыл бойы олар бір­ге жұмыс істейді, бірақ кейінірек ағасы бөлінуге шешім қабылдайды. Мақпал да күйеуімен кеңесіп, жеке стоматология ашып, оны кеңейтуге бел буады. Бұл ойларының сәтті жүзеге асуына кәсіпкерлерді қолдау және бизнесті несиелеу жөніндегі «Даму» бағдарламасы үлкен көмек болды. Ерлі-зайыптылар осы бағдарлама негізінде 40 млн теңге жеңілдікпен берілетін несие алып, ол толығымен қосымша жабдықтар, медициналық техника сатып алуға, үй-жайды тұрғын үй қорынан шығарып, бизнеске өткізуге, құжаттарды ресімдеуге жұмсалды.
    – Бақытымызға орай, мүлікті жария етудің мемлекеттік бағдарламасы бізге тағы да үлкен көмек болды. Соның арқасында біз өз стоматологиямыз бен бизнесімізді толық заңдастырып алдық, – дейді Мақпал.
    Осы тұста Мақпалдың өзі 2-топтағы мүгедек екенін айта кеткен жөн. Биыл кәсіп иелері мемлекеттік бағдар­лама арқылы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобындағы азаматтарға МӘМС бойынша емдеу қызметін көрсетуге қол жеткізді. Мақпал тіпті бала күтіміне байланысты демалыста үйінде отырған кезде де кәсіпкерлерге бухгалтерлік қызметті үйретіп жүрді. Осындай күндердің бірінде оған саналы түрде сән салонын ашу идеясы келеді. Әрбір келіншектің сымбатты, сұлу болғысы келетіні заңдылық қой, осыған ұмтылған ол маникюр және педикюр бойынша визажист және шебер мамандығын үйренуге де бел буады.
    – Бізде маникюр бойынша жақсы шебер болған жоқ, олардың ешқай­сысы маған мықты әрі ұзақ сақталатын маникюр жасай алмайтын. Өйткені менің тырнақтарым өте қиын, сондық­тан ешкім дұрыс істей алмады. Сол себепті әбден үйреніп, өзім үйде жасағым келді. Сөйтіп, мен бұл істі тәп-тәуір меңгеріп алдым. Күйеуім де менің бизнес ашу жөніндегі бастамамды қолдады. Мемлекеттік грант беру жөніндегі комиссия жобамды мақұл­дап, халықтың әлеуметтік осал топ­тарынан шыққан және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау бойынша 400 АЕК мөлшеріндегі айтарлықтай қомақты грантты жеңіп алдым.
    – Бастапқы кезде салонның атауы «Moonly beauty» болды, қазір оны «Moonly_halal_beauty» деп өзгерттім, сондықтан тек әйелдерге ғана қызмет көрсету бағытын ұстанамын. Өйткені көзге түсе бергісі келмейтін мінезі жабық әйелдердің де біздің салонда қысылмай жұмыс істегенін, күйеулері қызғанбай, емін-еркін жібергенін қалаймын. Ал «Екі түрлі және өзара ұқсастығы жоқ кәсіпті жүргізу қиын емес пе?» деген сұрағыңызға: «Ең бастысы, алдыңа мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу керек, сонда бәрі ойдағыдай болады» деп жауап берер едім. Өйткені бизнес – тек ақша табу ғана емес, бойыңдағы қабілет-қарымыңды жүзеге асыру. Сонымен бірге, жұмыс орнын ашып, басқа адамдарға да жәрдемдесу. Қазір біздің стоматологияда 6 адам, ал сұлу­лық салонында 7 адам жұмыс істейді. Олардың бәрі өз ісінің кәсіби шеберлері, – дейді кәсіпкер.
    «Өнерді үйрен де жирен» демекші, Мақпалдың тағы бір мамандық – косметолог қызметінің қыр-сырын үйреніп алғанына да екі жыл болыпты. Енді жоғары медициналық білім алып, дермато-косметолог болғысы келеді. Шамасы, бұл оның армандарының соңы емес. Адамды үнемі алға жетелейтін де сол арман, оған жету жолындағы тынымсыз ізденіс пен еңбек.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ішкі туризм иірімдері

    2 years ago
    Алмат Исәділ

    Ақын – елдің ардағы

    7 months ago
    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    1 year ago
    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    1 year ago
    Дәрігерлер ағза трансплантациясы мәселелерін талқылады

    Дәрігерлер ағза трансплантациясы мәселелерін талқылады

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>