-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда

    30.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды. Магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 11 білім беру бағдарламасы аясында талапкерлерді қабылдайды. Құжаттарды онлайн түрде “Admission” ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін тапсыруға болады. Бұл туралы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Малик Асанов мәлімдеді.
    Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы — мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын жоғары оқу орны. Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру жүзеге асырылады. 2025 жылғы оқу жылы үшін қабылдау науқаны 1 сәуірде басталды. Үміткерлер құжаттарын онлайн форматта тапсыра алады.
    Малик Асановтың айтуынша, 2025 жылғы қабылдау науқаны аясында магистратура бағдарламаларына қойылатын талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметте кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы міндетті. Сонымен қатар, магистратура бағыттары арасында «Цифрлық мемлекеттік басқару» атты жаңа бағдарлама іске қосылды.
    «MPA – Мемлекеттік басқару» бағдарламасына түсу үшін кемінде 5 жыл, ал «MPP – Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін кемінде 4 жыл мемлекеттік қызмет өтілі қажет.
    Қабылдау науқанының тағы бір жаңалығы — енді ақылы бөлімде тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері де оқи алады. Әрбір білім беру бағдарламасына нақты салалық талаптар енгізілген.
    Іріктеу екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, ал офлайн сұхбат 8-23 шілде аралығында ұйымдастырылады. Нәтижелері 25 шілдеде жарияланады, – деп түйіндеді Малик Асанов.

    Ұсынымдар

    Ұйғыр ауданында «AMANAT» филиалы тұрғындарды қабылдады

    Ұйғыр ауданында «AMANAT» филиалы тұрғындарды қабылдады

    2 months ago
    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    2 years ago
    Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

    Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

    2 years ago
    “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 5000 нәресте дүниеге келді

    “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 5000 нәресте дүниеге келді

    2 years ago
    Жолақы жыры бітер ме?

    Жолақы жыры бітер ме?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>