-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    16.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қонаев қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблея­сы кеңесінің отырысы өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бірлік пен келісім саясаты­ның маңызды кезеңі» тақырыбындағы басқосуға ҚХА мүшелері, құрылымдық бөлімдер мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары және облыстық мәслихаттағы «Достық» депутаттық тобының мүшелері қатысты.

    Жиынды облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиев ашып, 30 жыл ел бірлігі мен татулығын нығайтуға қызмет етіп келе жатқан қоғамдық-саяси ұйымның рөліне тоқталды.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған «Элефтерия» Алматы облысының гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Тифанциди облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орын­басар­лары лауазымына «Ронай» күрд этномәдени орталығының төрағасы Гамзе Гейдаров пен ҚХА жанындағы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев­ты ұсынды. Алматы облыс­тық әзербайжан этномәдени бірлесті­гінің төрағасы Асылы Осман сөз алып, Гамзе Бадриевичтің былтыр да осы қызметті абыроймен атқар­ғанын, сондықтан лауазымында қалдырылуын мақұл көретінін және 28 наурызда өткен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында этномә­дени бірлестіктердің жұмысын күшейту мақсатында өңірлердегі қоғамдық орынбасарлардың санын көбейту көзделгендіктен тағы бір орынбасарлыққа Амангелді Дәнибекұлының кандидатура­сын лайықты деп есептейтінін жеткізді. Кеңеске қатысушылар «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес өңірлік Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасарлары қызметіне ұсынылған кандидаттарды бірауыздан қолдап дауыс берді.
    Күн тәртібіндегі екінші және үшінші сұрақтар бойынша сөз кезегі облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитовке берілді.
    – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның жанындағы құрылымдар жалпыұлттық маңызы бар жобаларды жемісті жүзеге асырып келеді. Былтыр мемлекеттік тіркеуден өткен барлық деңгейдегі этномәдени бірлестіктердің саны 29 болса, биыл 34-ке жетті. І тоқсанда аудандарда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Корей еңбегі мен шабыт күні», грек, күрд мәдениетінің фестивальдары, украин этномәдени бірлестігінің «Жастық шағымыздың әндері» атты қайырымдылық концерті, «Татар қолөнері мен қонақжайлылық рухы» тақырыбында іс-шара ұйымдас­тырылса, Қонаев қаласында «Масленица» халықтық серуені және басқа да түрлі форматтағы шаралар өтті. «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында да шаралар өткізілді. Этнос өкілдерінің ең көп шоғырланған Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандарында этномедиация бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Ақпараттық түсіндіру тобы Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Этномәдени бірлестіктер, ақсақалдар және аналар кеңестері елеулі мәселелерді талқылаудың, сындарлы шешімдер қабылдаудың әмбебап диалог алаңына айналды. «Наурызнама» онкүндігінде «Жомарт жан» орталығы мен Ассамблея құры­лымдарының ұйымдастыруымен 114 отбасына, 2365 адамға 20 млн теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. 24 сәуірде Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясы өтеді. Оған облыстан 50 адам қатысады деп жоспарлануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына Алматы облысынан 13 жаңа мүше қабылданды, – деген басқарма басшысы Ассамблеяның 30 жылдығы тек ұйымның ғана емес, бүкіл елдің ортақ жетістігі екенін баса айтты.
    Кеңес отырысын қорытындылаған Марат Елеусізұлы елдегі татулық пен бірліктің мызғымас тұғырына айналған бірегей құрылымның тәуелсіздігімізді нығайтуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісім бағытындағы мемлекеттік саясаттың берік тірегі қызметін атқара беретініне сенім білдіре келе, Ассамблея мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы куәлігі мен төсбелгісін және «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

    Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

    2 years ago
    «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті

    «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті

    3 weeks ago
    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    2 years ago

    Аймақ әлеуеті зор

    11 months ago
    Еңбекшіқазақ ауданында 176 км арық пен канал тазаланды

    Еңбекшіқазақ ауданында 176 км арық пен канал тазаланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>