-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мүмкіндік алаңы

    21.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Мүмкіндік алаңы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қазақстанның барлық аймағында, соның ішінде Алматы облысында да креативті индустрия белсенді дамып келеді. Бұл сала жаңа жұмыс орындарының, шығармашылық жаңашылдықтың және кәсіпкерлік бастамалардың көзіне айналуда. Осындай даму орталықтарының  бірі – Қаскелеңде жұмыс істейтін «Зияткер» отбасылық клубы десе болады.

    Клуб өзінің дамуы барысында жай ғана үйірмелер топтастырылған орыннан бастап, әлдеқайда үлкен ұйымға айналды. Қазіргі таңда бұл – балалар мен ересектердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын, адамдар өздерін сахнадан бастап дизайнерге дейін әртүрлі кейіпте сынап көретін толыққанды креативті кеңістік болған.

    Балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелерде актерлік шеберлік, сахналық сөйлеу, гитара және домбыра сабақтары өтеді. Бұл курстар олардың эмоциялық интеллектісін, өз-өзіне сенімділігін дамытып қана қоймай, өзін-өзі танытуға да септігін тигізеді. Сондай-ақ «Өрнек Academy» тігін шеберханасы аясында сәндік-қолданбалы өнер жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жерде балалар мен ересектер бірегей бұйымдар жасап, дизайн мен тігінді меңгереді, әрі брендтелген өнімдер мен корпоративтік сыйлықтарға арналған идеяларды дамытады.

    – Бүгінгі күннің талабына сай, біз ересектер мен балаларға арналған медиа білімге де басымдық беруді жөн көрдік, – дейді клуб жетекшісі, кәсіпкер Әсел Жылқыбаева. – Қазіргі уақытта «Шапағат» оқу орталығымен серіктестік туралы меморандум дайындалып жатыр. Бұл қадамның өзі Фейсбук, Instagram мен TikTok үшін визуалды контент жасау, тікелей эфир ұйымдастыру бойынша шеберлік сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді. Мұндай білім, әсіресе, бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдерге және әлеуметтік кеңістікте өзін танытқысы келетін кәсіпкер әйелдерге аса қажет. Бұл бағыттың әлі толық игерілмегенін көріп, алғашқы қадамдарымызды жасап жатырмыз.

    Клуб жоспары аясында балалар мен жасөспірімдердің медиа жобаларын дамыту да бар. Бейнеролик түсіру мен монтаждауды, подкаст жазуды, визуалды контентпен және стори-теллингпен жұмыс істеуді үйрету көзделуде. Мұның өзі балалар мен ересектерге сандық экономика дәуірінде сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, жеке медиа стилін қалыптастыруға көмектеседі.

    Клуб инклюзивті білім беру саласын да қамтиды. Бұл бағытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен ересектер де үйірмелерге белсенді қатысады. Осылайша орталық барлығына ашық әрі қолайлы болып қалыптасуда.

    – Біздің мақсат – тек жаңа дағдылар беру ғана емес, әр жастағы адамдардың ашылуына, өз жолын табуына және қауымдастықтың қолдауын сезінуіне көмектесетін тұтас экожүйе құру, – деп түйіндеді Әсел Амангелдіқызы. – «Зияткер» орталығы – сондай-ақ жергілікті фестивальдер, шеберлік сабақтары мен хакатондар өткізудің бастамашысы. Бұл шаралар қатысушыларға тәжірибе, идея алмасуға және жаңа шабыт алуға мүмкіндік береді. Біздің жоба креативті индустриясы тек мегаполистерде ғана емес, шағын қалаларда да дами алатынын көрсетеді. Ол үшін тек команда, бастама және қолдау қажет. Өңірлерде талантты, бастамашыл адамдар аз емес, тек оларды ұйымдастырып, бағыт беру маңызды. Сол себепті креативті индустрияның болашағы зор деп есептеймін.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Бірлігі бекем ауыл

    Бірлігі бекем ауыл

    1 week ago
    Құтқарушылар жеке үйден екі жылан ұстады

    Құтқарушылар жеке үйден екі жылан ұстады

    4 weeks ago
    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    5 months ago
    Шешімін күткен мәселе көп

    Шешімін күткен мәселе көп

    4 months ago
    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    АЭС ел дамуына негіз қалайды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.