-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ота жасаудың озық үлгісі

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ота жасаудың озық үлгісі
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Биыл Қарасай аудандық клиникалық көпсалалы орталық ауруханасында, ұжымның  жұмы­сына жетекшілік ететін меди­цина ғылымдарының канди­даты, доцент Алмат Шорманов­тың басшылығымен ерекше нейро­хирургиялық оталар жүр­гізіл­ді. Ол туралы бізге бірінші санат­ты нейрохирург Есентай Жаңабаев айтып берді.

    Есентай Таңатарұлы өткен жыл­дың сәуір айынан бастап Қарасай аудандық ауруханасында еңбек етеді. Ол – Алматыдағы балаларға арналған  жедел медициналық көмек көрсету орталығында және Астана қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасында нейрохирург болып жұмыс істеген тәжірибелі маман. Аудандық ауруханада сонымен қатар қан тамырларына маманданған  нейро­хирург Рауан Қастей мен омыртқа нейрохирургі Әсет Моштаев қызмет атқарады. Олар ауыр омыртқа жарақат­тары мен мидың тамырлық патоло­гиясымен байланысты күрделі оталарды жасайды. Сонымен қатар, Рауан Мейрамұлы Алматы қаласының №7 қалалық клини­калық ауруханасының тамырлы нейрохирургия бөлімшесінің мең­герушісі болып еңбек етіп, оған қосым­ша  аудандық ауруханада қызмет атқарып келеді. Күрделі оталар жасаған кезде оған  Алматы қалалық клиника­лық ауруханасының екінші санатты нейрохирургі Асылбек Сенгербеков көмекке келіп отырады. Жақында осы нейрохирургтардың жоғары кәсібилігінің арқасында Қарасай аудандық ауруханасында ерекше ота сәтті жүргізіліп, Жамбыл ауданы Саурық батыр ауылының тұрғыны, 1987 жылғы Маржан есімді емделуші  аман қалды. Науқас ауруханаға «ми қан айналымы бұзылған, оң жақ ішкі ұйқы артериясының көз сегментінің аневризмасы» деген  ауыр диагнозбен келген.
    – Бұл дертті  ерте кезеңдерде анықтау өте қиын, себебі айқын неврологиялық белгілері болмайды, – деді бізбен сұхбаттасқан дәрігер. – Науқас үнемі бас айналуына, бас ауруына және құлақта шу болуына шағымданған. Мұндай  белгілерді әрбір адам қауіпті ауруға жатқызбайды. Бірақ оның денсаулыққа өте қауіпті екені айқын. Барлық тексеруден кейін науқасқа күрделі ота жасалды. Бұл ота медициналық тілде «селективті мидың ангиографиясы, рентгено­эндоваскулярлық эмболиза­ция, оң жақ ішкі ұйқы артериясының көз сегментінің аневризмасын микро­­спи­ральдармен баллондық көмекпен емдеу» деп аталады.
    Есентай Таңатарұлы сонымен қатар эндоваскулярлық емдеу әдісінің, атап айтқанда, «ми артериялық аневризма­сын микроспиральдармен эмболизациялау» әдісінің нейрохирургиялық тәжірибеде кеңінен қолданылатынын түсіндірді. Бұл әдіс аневризманың қапшығын арнайы пішін мен өлшемдегі платина микроспиральдарымен толтыруды қажет етеді. Нәтижесінде қан анев­ризма­ның ішіне кірмейді, сондық­тан оның ұлғаюы мен жарылу қаупі азаяды. Бұл ми қан тамырларының аневризмасын емдеудің негізгі әдіс­терінің бірі және асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық шара болып саналады.
    – Эндоваскулярлық хирургияның басты ерекшелігі – барлық оталар скальпелмен  кесусіз жасалады, – дейді  Есентай Таңатарұлы. – Жалпы ауруханада нейроэндоваскулярлық отаның төрт түрі жасалады. Оталар­дың көбінде жалпы анестезия қажет болмайды, тек тамырды тескен жерде жергілікті анестезия қолданыла­ды. Бұл әдіс ауыр жүрек-қан тамыр­лары аурулары бар науқастарға да хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Отадан әдеттегі­дей кесілген жаралар мен тігістер болмайды, сол себепті науқастар 1-3 күн ішінде ауруханадан шығарылады. Сонымен қатар, дәстүрлі хирургия­мен салыстырғанда оталық қауіптер, ауырсыну синдромы мен қалпына келу уақыты айтарлықтай азаяды.
    Ол 2024 жылы аудандық аурухана­да омыртқа жарақаттарынан кейінгі күрделі оталар да жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар, балалардың  миына сұйықтықтың жүруін тоқтату салдарынан науқасқа ұшыраған  жағдайларда ликворошунтирлеу отасы жасалады.
    Қарасайлық  дәрігерлер, сондай-ақ, туа біткен омыртқа ми шодырына, операциядан кейінгі бас сүйек кеміс­тіктеріне граниопластика, ауыр жарақаттар мен инсульттардан кейін бас сүйегінің трепанациясын жасайды. Мұндай оталарды  жасауға заманауи медициналық жабдық­тар көмектеседі, оның ішінде Shimadzu ангиографиялық жүйесі, нейро­хирургиялық операциялық үстел, Stryker маркалы нейрохирургиялық жоғары жылдамдықты бұрғылар, Stryker SONOPET ультрадыбыстық нейрохирургиялық аппараты және басқа да жабдықтар бар.
    – Болашақта біз жүйке жүйесінің патологияларына қатысты жаңа нейро­хирургиялық араласу әдістерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ азамат­тарға денсаулыққа жауапкершілік қарау қажеттігін айта кеткім келеді. Ең бастысы – аурудың алдын алу. Мысалы, инсультты болдырмау мақсатында кем дегенде жылына бір рет мидың қан тамырларын тексеруден өткізу керек. Бұл әсіресе 45 жастан асқан адамдар үшін маңызды. Сондай-ақ невропатолог пен нейрохирургтің кеңестерін орындау – өте маңызды, себебі бұл ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Осылайша, адам денсаулығы ең алдымен оның  өз қолында екенін еске салғымыз келеді, – деп қорытындылады сөзін дәрігер.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    8 months ago
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    Санаққа дайындық  жайы пысықталды

    10 months ago
    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды

    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды

    1 year ago
    Тіл – тірегің

    Тіл – тірегің

    8 months ago
    Үздік мектеп атанды

    Үздік мектеп атанды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>