-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Рақмет саған, Салтанат!

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Рақмет саған, Салтанат!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы қаласындағы № 10 емхананың мейірбикесі Салтанат Бекбергенова жайында айтылатын жақсы пікірлер аз емес. «Рақмет саған, Салтанат!» – дейді емделушілер. Соның өзіме қатысты кейбір қырларына тоқталғым келді.

    – Енді біздің емхананың тұрақты бақылауында боласыз. Мемлекеттік жүйе негізінде дәрі-дәрмекті тегін аласыз. Осыған қатысты кеңес беретін және оны реттейтін мейірбике қыздарымыз аз емес. Сіз №6 аумаққа қарайды екенсіз. Мұнда Салтанат Бекбергенова жұмыс істейді. Мейірбикеге тән ерекшеліктердің бәрі оның бойынан табылады», – деді эндокринолог дәрігер Мөлдір Жамалова. Мен осынау қысқа қайырымның өзінен көп жайды аңғардым.

    Сонымен 112-ші  бөлмеге бас сұқтым. Жылы жүзді инабатты қыз қазақы қалыппен сәлемдесіп, жатырқамай қарсы алды. Маған қатысты мәліметтердің бәрі компьютор экранынан оған көрініп тұр. Дәріханаға апаратын түбіртектерді дайындап қолыма ұстатты.

    –Біз емделушіге қиындық туғызбауға тырысамыз. Сондықтан өзімізге жүктелген істі мұқият реттеуге күш саламыз. Егер сізге керек дәрі болмай қалған жағдайда, қаладағы әріптес емханалармен хабарласып, солардың есебінен түгендейміз. Уақыттан ұтылмағандарыңыз сізге де, бізге де жақсы, – деді жылы жымиып. Мейірбикенің түсінікті етіп жұмсақ үнмен жеткізген кеңесі жаныма дәріден кем әсер етпеді. Меніңше, өмірін адам емдеуге арнағандардың адал серті осындай болғаны керек қой!

    Салтанаттың қабылдауына келетіндердің қарасы қашан да мол. Олардың арасында түрлі ұлт өкілдері бар. Бір кемеде кетіп бара жатқандай болған соң ба біз, емделушілер, бір-бірімізді жазбай танитын деңгейге жеттік.  Кезек күтіп отырғанда өзара сөйлесіп қаламыз. Менің таңғалатыным, олардың Салтанат туралы  ойлары бір-бірінен алшақ кетпейді.  Бәрі мейірбикені қызындай жақсы көріп, жақынына балайды. “Марапаттың ең үлкені – адамдардың  жүрек қалауымен айтылған ризалығы мен алғысы екен ғой”, – дедім  іштей өзіндік толғаныспен.

    Енді мынаған қараңыз, емделушілердің пікірі мен емхана басшылығының ұйғарымы үйлесім тапқан. Салтанат Бекбергенова портретінің «Құрмет тақтасына» ілінуі соның  дәлелі.  Мейірбике еңбегінің ұлықталуы мұнымен шектелмепті. Биылғы наурыздың басында «Пациент таңдауы» төсбелгісімен марапатталды.

    Салтанат Қайратжанқызы 2001 жылы Алматы медучилищесін ойдағыдай бітіріп, дәрігерлік қызметтегі алғашқы жолын ауыз, құлақ, мұрынды емдейтін атақты № 5 ауруханада бастаған екен. Білімін шыңдауға, тәжірибесін жетілдіруге үнемі  көңіл бөледі. Соның нәтижесінде әріптестер арасындағы беделі бұрынғыдан  арта түскені анық. № 10 емханада еңбек еткеніне де он жылдың жүзі болыпты. 2019-2021 жылдары жоғарғы санаттағы білімге қол жеткізді. Өз ісінің майталманы атанған нағыз маман десек жарасып тұрғандай.

    Түйіндеп айтқанда, Салтанаттың бүгінінен ертеңі биік. Өйткені көпшілік берген ақ бата мен алғыстың шапағаты ешқашан бекер кетпейді.

    Батық Мәжитұлы,

    Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    2 years ago
    Кәсіпкерлерді қолдау маңызды

    Кәсіпкерлерді қолдау маңызды

    11 months ago
    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Әкім төтенше жағдай қызметкерлерін құттықтады

    Әкім төтенше жағдай қызметкерлерін құттықтады

    2 years ago
    Жас өрт сөндірушілер — жарқын болашақ кепілі

    Жас өрт сөндірушілер — жарқын болашақ кепілі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.